Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 13 Тамыз

Оқиғалар күнтізбесі

13 Тамыз
1920 жылы «ҚазАқпарат» бірінші қазақ ақпарат агенттігі құрылды
1920 жылы 13 тамызда бірінші қазақ ақпарат агенттігі, қазіргі «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясы» АҚ-ы 1920 жылы РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде құрылды.
1942 1942 жылы Алматыдан майданға 100-ші атқыш бригадасы аттанды

13 Тамыз

1920 жылы «ҚазАқпарат» бірінші қазақ ақпарат агенттігі құрылды

1920 жылы 13 тамызда бірінші қазақ ақпарат агенттігі, қазіргі «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясы» АҚ-ы 1920 жылы РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде құрылды. 1925 жылы - агенттік аты ҚазРОСТ болып өзгертілді. 1937 жылы - ҚазТАГ деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді. 1997 жылы қыркүйектің 10-ында Қазақстан Республикасы Президентінің №3629 Жарлығымен «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазААГ)» республикалық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. 2002 жылы қарашаның 8-інде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды. 2008 жылы шілденің 3-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді.


13 Тамыз 1942

1942 жылы Алматыдан майданға 100-ші атқыш бригадасы аттанды

1942 жылы 13 тамызда Алматыдан майданға 100-ші атқыш бригадасы аттанды. Ол негізінен қазақ әскерінен тұрды. Барлығы 4890 адам болды.Олардың арасында 2 қазақ әйелі – дәрігер Мәриям Сарлыбаева және  Мәншүк Маметова. Оларды ұлы дана ақыны Жамбыл өзінің жаңа өлеңімен шығарып салыпты.