Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 14 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

14 Қазан
1934 1934 жылы Маржанкөл ауылдық кеңесі құрылды
Қарағанды облыстық атқару комитеті президиумының шешімімен 1934 жылы 17 қарашада Маржанкөл ауылдық кеңесі құрылды.
1939 1939 жылы Жамбыл облысы құрылды
1939 жылы Жамбыл облысы құрылды.Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Облыстың әкімшілік орталығы – Тараз қаласы.
2013 Ұлы Жібек Жолы халықаралық форумы басталды
Әлемдік тарихтың мәдени және географиялық саласындағы белгілі халықаралық және отандық сарапшылар бас қосты
1916 Халық ақыны Хамит Ерғалиев дүниеге келді
100 жыл бұрын 1916 жылы ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЕРҒАЛИЕВ Хамит дүниеге келді

14 Қазан 1934

1934 жылы Маржанкөл ауылдық кеңесі құрылды

Қарағанды облыстық атқару комитеті президиумының шешімімен 1934 жылы 17 қарашада Маржанкөл ауылдық кеңесі құрылды, ал 1934 жылы қазан айында – Жараспай ауылдық кеңесі құрылды. Қазақ  Автономиялы Социалисттік  Кеңестер Республикасы  Орталық Атқару Комитетінің қаулысы бойынша Нұра ауданы Қазгородок ауылынан Киевка ауылына көшірілді.

14 Қазан 1939

1939 жылы Жамбыл облысы құрылды

1939 жылы Жамбыл облысы құрылды.Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Облыстың әкімшілік орталығы – Тараз қаласы.

10 аудан, 1 облыс орталығы және ауданға қарайтын 3 қаладан тұрады. Облыс түрлі-түсті металдарға, барит минералдары, көмірге,  қаптайтын материалдарға, ұсақ-түйек және техникалық тастарға, құрылыс материалдарына өте бай.

Облыста қазақ және орыс драма театрлары, филармония, 5 музей, кітапханалар, клубтар сонымен бірге, мәдениет үйі жұмыс істеп тұр. Тараз қаласының аумағында 10-11 ғасыр ертедегі сәулет өнерінің туындысы Айша-бибі және Бабаджа Хатун кесенесінің тағы да біздің эрамызда 10-13 ғасырдағы Қарахан және Дауытбек бабаларымыздың  архитектуралық ескерткіші орналасқан.



14 Қазан 2013

Ұлы Жібек Жолы халықаралық форумы басталды

2013 жылы  Алматыда Ұлы Жібек жолы бойынша Халықаралық форум басталды. Ол осы әлемдік тарихтың мәдени және географиялық саласындағы белгілі халықаралық және отандық сарапшылардың басын қосты. 

 Шараның мақсаты - ҰЖЖ жалпы мәдени құндылығы мен потенциалын ой елегінен өткізіп, халықаралық мәдениеттерді жақындатудың он жылдығы аясындағы ғылыми-мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету.

14 Қазан 1916

Халық ақыны Хамит Ерғалиев дүниеге келді

Хамит Ерғалиев Атырау облысының Махамбет ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945-1950 жылдары - «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдеби қызметкері. 1950-1957 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі. 1958-1959 жылдары Қазақстан мемлекеттік әдебиет баспасы поэзия секциясының меңгерушісі болған. Ақынның 30-ға тарта жыр жинақтары, «Әке сыры», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы», «Күй дастан», «Жылдар, жылдар» атты поэмалары бар. 

Ақын поэзиясында Азамат соғысының отты жылдары, Украин халқының ұлы ақыны Т.Шевченко тағдыры, академик, композитор А.Жұбанов бейнесі, дәуіріміздің басқа да өзекті мәселелері көркем бейнеленген. Сонымен қатар оның қаламынан туған әңгімелер мен естеліктер, әдеби мақалалар мен эсселер де бар. Ол Д.Байронның, П.Неруданың, Н.Хикметтің, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, А.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, Р.Ғамзатовтың, А.Сурковтың кейбір поэзиялық туындыларын, Шекспир сонеттерін қазақ тіліне аударған. Қырғыз халқының «Манас», қарақалпақ халқының «Қырық қыз» эпостарын қазақ тіліне тәржімалауға ат салысқан. Ақынның өз шығармалары да бірқатар шет ел тілдеріне аударылған. 

 Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», 1-2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.