Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 11 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

11 Қазан

11 Қазан 2008

Павлодар қаласында Шарбақты аудандық тарихи-өлкетанулық мұражай ашылды

Павлодар облысының Шарбақты ауданының Александровка ауылында  тарихи-өлкетанулық мұражай ашылды. Оның ішінде ауылдың тарихына байланысты мыңдаған экспонаттар бар. Мұражай ғимараты ауылдың ағаш сәулетінің үлгісі.

11 Қазан 1997

«Қазақстан - 2030» Стратегиясы қабылданды

Қазақстан Республикасы Президенті 1997 жылы 11 қазанда «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. «Қазақстан­ ­- 2030» стратегиясы егеменді республиканың экономикасы серпінді дамып келе жатқан әлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді.