Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 16 Қыркүйек

Оқиғалар күнтізбесі

16 Қыркүйек
2007 2007 жылы Қазақстан Венада Атом энергетикасындағы жаһандық серіктестікке қосылды
2007 жылы 16 қыркүйекте Қазақстан Венада Атом энергетикасындағы жаһандық серіктестікке қосылды.
1924 1924 жылы Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу туралы қаулы қабылданды
1924 жылы 16 қыркүйекте Түркістан төтенше ОСК сессиясы Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу туралы қаулы қабылдады.
1992 1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Беларусь арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды
2006 2006 жылы Алматы облысының Қарасай ауданында Наурызбай батыр ескерткіші ашылды
2005 2005 жылы Совет Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойына арналған екі томдық фотоальбомның таныстырылымы болды.
2000 12 жыл бұрын Атырауда Мысыр билеушісі болған Бейбарыс сұлтанның 775 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Конференцияға отандық оқымыстылармен бірге араб елдерінің ғалымдары қатысты.

16 Қыркүйек 2007

2007 жылы Қазақстан Венада Атом энергетикасындағы жаһандық серіктестікке қосылды

2007 жылы 16 қыркүйекте Қазақстан Венада Атом энергетикасындағы жаһандық серіктестікке қосылды.

Оның барысында Қазақстан Қағидалар хаттамасына қол қойды және осынау үдеріске толыққанды мүше атанды.

Жиналғандардың алдында сөйлеген МАГАТЭ Бас директоры Мохаммед әл-Барадэй атом энергетикасы дамуының болжануына байланысты осынау бастаманың өзектілігін атап өтті.

Біздің еліміз Атомдық энергетика саласындағы жаһандық серіктестіктің негізгі қағидаларын бөліседі және өз атомдық энергетикалық технологиясын дамытуды сезімтал технологиялар әзірлемеу міндеттемесін алған мемлекеттерге ядролық отынға кепілдікті және әділ қолжетімділік беру қажеттілігін атап көрсетеді. АҚШ Президенті Дж. Буш 2006 жылы ұсынған Атом энергетикасындағы жаһандық серіктестік бастамасы әлемдік энергия тұтынымының өсуіне байланысты таза, қауіпсіз және қолжетімді ядролық энергияның келешектегі арту ықтималдығына байланысты халықаралық мәмілеге талдап жасауға бағытталған. 

Бүгінде Серіктестікке 16 мемлекет, оның ішінде атом энергетикасындағы өз жетістіктерімен көзге түскен және алдыңғы қатарлы технологияларға ие Қытай, Ресей, АҚШ, Франция елдері мүше.

16 Қыркүйек 1924

1924 жылы Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу туралы қаулы қабылданды

Осының нәтижесінде 1,5 млн тұрғыны бар бұрынғы Түркістан, Хорезм, Хивин республикалары аумақтарының 40 пайызы Қазақ АССР-на  берілді. 1920 жылы Қазақстан аумағы 2 млн шаршы шақырымнан 1925 жылы 2,8 млн шаршы шақырымға дейін ұлғайды.

ҚазАССР-на оңтүстік аумақтарын қосылғаннан кейін республикадағы тұрғындары саны 1920 жылы 4,8 млн.-нан 1925 жылы 6,5 млн.-ға дейін өсті. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеу нәтижесінде бірыңғай Қазақ совет мемлекетінде қазақ жерлерінің бірігуі аяқталды.

16 Қыркүйек 1992

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Беларусь арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды


16 Қыркүйек 2006

2006 жылы Алматы облысының Қарасай ауданында Наурызбай батыр ескерткіші ашылды

16 Қыркүйек 2005

2005 жылы Совет Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойына арналған екі томдық фотоальбомның таныстырылымы болды.

2 мың дананы құрайтын екі томдық баспа 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) шығарылған. Бірінші томда бүгінгі күнге дейін жинақталған мұрағаттан алынған, Молдағұлованың туған-туыстарының, майдандас жолдастарының сөздерінен жиналған барлық материалдар 304 беттік кітапта көрсетілген.

Екiншi кiтап Батыр қызға арналған өлеңдер, әндер, дастандар, әңгiмелерден тұратын көркем шығармалардың жинағы болып табылады. Фотоальбомда Әлияның барлық суреттері, туған жері Қобда ауданының және жерленген Псков облысында түсірілген фотосуреттері жинақталған.

16 Қыркүйек 2000

12 жыл бұрын Атырауда Мысыр билеушісі болған Бейбарыс сұлтанның 775 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2000 жылы 16 қыркүйекте  Атырауда Мысыр билеушісі болған Бейбарыс сұлтанның 775 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға араб елдерінің ғалымдары қатысты. Сонымен қатар қазақ тіліне аударылған «Әз-Захир Бейбарыс өмірбаяны» атты кітаптың тұсаукесері болып, Атырау облыстық қазақ драма театры жазушы Р. Отарбаевтың «Бейбарыс» атты пьесасын сахналады.

Шежіре бойынша Бейбарыстың атамекені – Каспий теңізінің маңы, бір деректерде – Еділ-Жайық бойы. Кіші жүздегі Байұлының Беріш руынан деген мәлімет бар.