Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 11 Қыркүйек

Оқиғалар күнтізбесі

11 Қыркүйек

11 Қыркүйек 1969

1969 жылы ССРО мен Қытай арасындағы ең ірі қарулы қайшылық реттелді

1969 жылы 12 тамызда қазіргі қазақстандық-қытай мемлекеттік шекарада Жалаңашкөл көлінің маңында совет шекарашылары мен қытай әскерлері арасында кескілескен ұрыс болды 

11 Қыркүйек 2007

2007 жылы «Шоқан Уәлиханов» желкенді кемесі дүниежүзілік теңіз саяхатына аттанды

Салтанатты рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бүгінгі күні желкенді қайықпен орталық материктен Орталық Азияда осындай жобаны жасаған ешбір мемлекет жоқ. Бұл туризм мен саяхат дамуында Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін төңкерістік қадам болып табылады. Себебі Қазақстан аумағында географиялық нүкте орналасқан. Алайда қаржы дағдарысы үшін жобаны тоқтатуға тура келді. Жобаның жалпы бағасы 5,5 миллион долларды құрады. Бірнеше жылдар өткен соң «Шоқан Уәлиханов» қазақстандық кемесі мұхитқа қайта шықты.  Мемлекет басшысы экипаж мүшелеріне Қазақстан туын табыс етті. Бұдан кейін Қазақстанның Әнұраны орындалып, кемеде мемлекетіміздің туы көтерілді. Президент дүниежүзілік саяхатқа шыққан экипаж мүшелеріне сәт-сапар тіледі.

11 Қыркүйек 1931

84 жыл бұрын Қарағанды облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

1931 жылы 11 қыркүйекте Қарағанды облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Газет 1935 жылға дейін «Большевистская кочегарка», ал 1935-1963 жылдары «Социалистическая Караганда» деген атаумен шығып тұрды. 1965 жылдан бастап қазіргі атымен шығады.

Газет Ұлы Отан соғысы жылдары «Қарағанды комсомолы» танк колоннасының, «Нұркен Әбдіров» ұшағының, «Қарағанды әйелдері» әуе звеносының құрылысына қаржы жинауды ұйымдастырған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Аптасына екі рет шығады, таралымы 15000 дана.

11 Қыркүйек 1991

24 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен Ғарыштық зерттеулер агенттігі мен Жер мәселелері және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды.

1991 жылы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен Ғарыштық зерттеулер агенттігі мен Жер мәселелері және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды.

11 Қыркүйек 1883

1883 жылы Семей қаласында тарихи музей мен қоғамдық кітапхана ашылды

Аталмыш шараны ұйымдастыруға Абай Құнанбаев  қатысқан. Музей саяси жер аударылған орыс демократтары  Е.П. Михаэлис, М.И. Долгополов, П.Д. Лобановский және қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Сонымен қатар музейдің  ірге тасын қалауға А.А. Леонтьев, А.А. Блэк, Н.Я. Коншин В.Н. Филипов, М.И.Суворцев сияқты жер аударылғандар үлестерін қосқан. Музейдің және қоғамдық кітапхананың құрылуына қолдау көрсеткен Статистика комитетінің төрағасы, губернатор А.П. Проценко болды.

Қорында 34 мың сирек кездесетін басылымы бар ғылыми кітапхана – семейліктіктердің мақтанышы. Мұнда сирек кездесетін сөздіктер, анықтамалар, ғылыми жұмыстар Орта Азия, Қытай, Ресей ғалымдарының еңбектері, Семей статистика комитетінің есептері, атлас және географиялық карталар бар. Орыс география қоғамы Семей бөлімшесінің ғылыми жазбалары сақталған. ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бас кезеңіне жататын баспа басылымдары осы кітапханадан  табылады.

Қазіргі күні музей қорында 108 мыңнан артық жәдігер сақтаулы. Жаңартылған экспозициялар музейдің алты  залында: «Палеонтология және геология», «Туған өлкенің  табиғаты», «Археология және этнография», «Қала және өлкенің тарихы», «Алаш қозғалысы және Алаш қаласы туралы», «Семей ядролық полигоны», «Семей тәуелсіздік жылдарында»  атты бөлімдерде орналасқан. Музейдің көрме залында тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар қалалық мәдениет сарайында орналасқан «Семей Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты экспозиция залы мен Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында,  Үржар ауданында, Аягөз қаласында музей филиалдары  жұмыс жасайды.