Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 3 Тамыз

Оқиғалар күнтізбесі

3 Тамыз
1933 81 жыл бұрын химия ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Молдахметов Зейнолла дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ педагогикалық институтын, КСРО Ғылым академиясы Нәзік химиялық технологиялар институтының аспирантурасын бітірген.

3 Тамыз 1933

81 жыл бұрын химия ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Молдахметов Зейнолла дүниеге келді.

1956-1975 жылдары Алматы, Целиноград, Қарағанды жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарған. 1975-1980 жылдары - Қазақ химия-технология институтының ректоры. 1980-1988 жылдары - Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры. 1991-1998 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры. 1988-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Орталық Қазақстан бөлімшесінің академик хатшысы. 1998 жылдан бері  Қазақстан-Ресей университетінің ректоры қызметін атқарады. Ғалымның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері органикалық молекулалардың фотохимиясы мен фотофизикасын, сондай-ақ теориялық және қолданбалы спектроскопиясын, кванттық химия және органикалық молекулалардың реакциялық қасиеттерін зерттеуге арналған. Оның 5 монографиясы, 6 авторлық куәлігі мен патенті бар.

«Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған.