Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 20 Қыркүйек

Оқиғалар күнтізбесі

20 Қыркүйек
2001 2001 жылы Қарағандыда Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған этносаябақ ашылды
Саябақ аумағы 36 гектар. Мұнда Қарағанды облысының аумағы кішірейтіліп, өңірдің қалалары мен аудандарының, Қарқаралы тауы мен Балқаш көлінің бірегей бейнесі орналастырылған.
2005 2005 жылы Қостанай тарихи-өлкетану мұражайында қазақстан мүсіншісі Х. Наурызбаева көрмесінің ашылымы болды.
«Тас әуендері» деп аталған қойылым Қостанай өңірінен шыққан суретшінің шығармашылығынан сыр шертеді.

20 Қыркүйек 2001

2001 жылы Қарағандыда Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған этносаябақ ашылды


20 Қыркүйек 2005

2005 жылы Қостанай тарихи-өлкетану мұражайында қазақстан мүсіншісі Х. Наурызбаева көрмесінің ашылымы болды.

Мұнда негізінен Қазақстан мәдениеті көрнекті қайраткерлерінің жарты ғасырдан астам уақыт бойы істеген мүсіндік портреттері қойылған.   

Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев (1925-2009) - мүсінші, республикада ұлттық монументалды өнер негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР халық суретшісі, Қазақстан көркемөнеріне еңбегі сіңген қайраткер. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ұлыкөл ауылының тумасы. 1952 жылдан Алматы көркемсурет училищесінде дәріс берді. Шыңыс Қазақстан облысы Қарауыл ауылындағы Абай, Тараздағы Жамбыл, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов, Оралдағы Мәншүк Мәметова, Қостанай облысы Торғай ауылындағы Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов ескерткішінің, Мәриям Хакімжанова, Қаныш Сәтбаев, Ыбырай Жақаев, Тайыр Жароков, Мұқтар Әуезов, Сәбит Мұқанов және басқалар портреттерінің авторы. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», «Парасат» орденімен және медалдармен марапатталған.