Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 10 Қыркүйек

Оқиғалар күнтізбесі

10 Қыркүйек

10 Қыркүйек 1996

1996 жылы ҚР Жоғары дипломатиялық мектебі құрылды

Халықаралық саясат білгір мамандарды дайындау, дипломатиялық қызмет кадрларының біліктілігін жоғарылату мақсатында Алматы қаласында ҚР сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясын құру туралы шешімі қабылданды. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылғы 10 қыркүйектегі "ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясын құру туралы" №1102 қаулысы қабылданды. 1997 жылы алғашқы тыңдаушылар жинақталды. 2005 жылы Дипломатиялық Академия Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқармасының Академия бөлімшесінің құрылымына енді. 

10 Қыркүйек 1992

1992 жылы Қайрат Рысқұлбековқа арналған ескерткіштің ашылуы өтті

10 Қыркүйек 1925

90 жыл бұрын сол кездегі Қазақстан астанасы (1925-1929) Қызылордада қазақтың тұңғыш ұлттық театры құрылды.

1925 жылы Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби ұлт театрының ұйымдастырылуы Қазақстанның мәдени тарихында мәні зор оқиғаға айналды. Қазақ театрының өнерінің қалыптасып даму кезеңі спектакльдерде натуралистік, әлеуметтік-тұрмыстық және фольклорлық-этнографиялық бояудың қатаң сақталуымен, халық әндерін мол пайдалануымен ерекшеленеді. Мұның өзі бір жағынан театр мен көрермендер арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге мүмкіндік туғызса, екінші жағынан актерлердің көп салалы өнерді меңгеруіне жол ашты. 

Осы кезеңде Қазақ театры ұлттық пьесаларды ғана қоюмен шектелмей, алғаш рет классик. драматургия туындыларын игеруге талпыныс жасады.