Қазақстаника
Қазақстан тарихы
Тұңғыш Президент
Тарихи білім
Интерактив
Мультимедиа
Е-ресурстар
Арнайы жобалар
Закрыть
1916 | 1916 жылы Николай ІІ-нің майдандағы қара жұмысқа Қазақ және Түркістан өлкелерінің 19-дан 43 жас аралығындағы жігіттерді шақыру жөніндегі жарлығы шықты |
1934 | 81 жыл бұрын Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды |
Ахмет Жұбановтан кейін ұжымды қырық жылға жуық КСРО халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері, профессор Қажығалиев Шамғон Сағитдинұлы басқарды | |
2010 | 5 жыл бұрын Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2009 жылғы қарашаның 27-сіндегі Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды |
25 Маусым 1916
Бұл жарлық қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістің тұтануына түрткі болды. Жалпы майдан тылындағы қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам шақырылған. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болған. Осы тарихи кезеңде «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М. Дулатовтар халықты қарсылық көрсетпеуге шақырса, Т. Бокин бастаған интеллигенция өкілдері жарлыққа қарсы шығып, көтеріліске бастаған.
25 Маусым 1934
Оркестр көптеген халықаралық, республикалық форумдарға, фестивальдерге, конкурстарға қатысқан. Оған 1967 жылы «Республиканың еңбек сіңірген ұжымы», 1978 жылы «академиялық» құрметті атақтары берілсе, 1984 жылы қарашаның 29-да Халықтар достығы орденімен марапатталған. Оркестр көптеген шет елдерде – Польша, Румыния, Венгрия, Германия, Франция, Швеция, Португалия, Дания, Үндістан, Қытайда өнер көрсеткен.
25 Маусым 2010
5 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2009 жылғы қарашаның 27-сіндегі Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.