Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 2 Маусым

Оқиғалар күнтізбесі

2 Маусым
1886 1886 жылы 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже" қабылданды.
Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5 уезд құрамын кірді.
1934 1934 жылы түркітанушы-ғалым, ф.ғ.д, профессор, ҚР ГҒА академигі, Қазақ тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының құрметті мүшесі Аманжолов Алтай Сәрсенұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Шығыс тілдері институтын бітірген.
1955 Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының күні.

2 Маусым 1886

1886 жылы 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже" қабылданды.

"Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады" делінген. Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды. Түркістан өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды. Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды. 1886—1891 жылғы реформаларда жергілікті басқаруға ерекше мән берілді. Олар отырықшы түземдіктерді басқару және көшпелі қазақтарды басқару деп аталды.

Жергілікті басқару мынандай бөліктерден тұрды:

  • облыстық,
  • уездік,
  • болыстық,
  • ауылдық.

Мұндай бөлшектеу патша үкіметінің қазақ еңбекшілерін отарлық құлдықта ұстауын жеңілдетті. Барлық басқару аппаратын әскери-полицейлік функциямен қамтамасыз өте отырып, жоғары отаршыл әкімшіліктің қатаң қадағалауында болды. Осылайша жаңа отарлау реформасының құрылысын жасауда әр түрлі облыстарға, уездерге бөлшектеу арқылы қазақ халқының саяси жағынан бірігуін болдырмау, әскери және азаматтық бүкіл биліктің бір әскери ведомствоның қолында болуы көзделді.


2 Маусым 1934

1934 жылы түркітанушы-ғалым, ф.ғ.д, профессор, ҚР ГҒА академигі, Қазақ тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының құрметті мүшесі Аманжолов Алтай Сәрсенұлы дүниеге келді.

1957-1966 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері. 1966-1979 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі. 1979 жылдан бері Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде істейді. 1986-1987 жылдары - Орталық Ұлттар институтында (Пекин)  1993-1994 жылдары Қара теңіз техникалық университетінде (Трабозон, Түркия) түркітанудан, қазіргі қазақ тілінен лекциялар оқыды. 2012 жылы қайтыс болды.

А.Аманжоловтың ғылыми зерттеу еңбектері негізінен көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеу мәселелеріне, тіл типологиясы мен графикалық лингвистикаға арналған. Ғалымның түркі филологиясына және тіл біліміне арналған 200-ге жуық мақаласы, оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген 7 монографиясы бар. Бірқатар жарияланымы ағылшын және түрік тілдерінде басылған. Халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама жасаған. Ол 17 филология ғылымының кандидатын және 1 докторын даярлаған.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған. Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер.


2 Маусым 1955

Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының күні.

Осыдан 56 жыл бұрын 1955 жылғы маусымның 2-сінде КСРО Қорғаныс министрлігі Бас штабының директивасымен «Байқоңыр» ғарыш айлағын ұйымдастыру-штаттық құрылымы бекітілген болатын. Міне, содан бері, маусымның 2-сі - Байқоңырдың туған күні және ғарыш айлағының күні тойланады.