Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 31 Мамыр

Оқиғалар күнтізбесі

31 Мамыр
1997 1997 жылдан бастап ҚР саяси қуғын-сүргін құрбандарды еске алу күні атап өтіледі
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы (1997 ж.)
1918 1918 ж. контрреволюционерлер Петропавлды жаулап алды
31 мамырда контрреволюционер Петропавлды, маусымда Ақмола, Атбасар, Қостанай, Павлодар, Семейді жаулап алды.

31 Мамыр 1997

1997 жылдан бастап ҚР саяси қуғын-сүргін құрбандарды еске алу күні атап өтіледі

Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Тарих өрісіне орай, біздің республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған.

«Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті.

Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.

Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы.

31 Мамыр 1918

1918 ж. контрреволюционерлер Петропавлды жаулап алды

1918 ж. мамырда болған әскери тұтқындар чехославак корпусының көтерелісі кеңес үкіметі жауларының басты екпінді күші болды. Антанта империалистері көтерлісті азғыртты. Көтерілісшілер Сібір, Орал, Орта Есіл маңы - Новосибирск, Челябинск, Томск, Омбы қалалар қатарын жаулап алды. 31 мамырда контрреволюционерлер Петропавл қаласын, мамырда — Ақмола, Атбасар, Қостанай, Павлодар, Семей қалаларын жаулап алды. Нәтижесінде Орал, Ақмола, Семей және Торғай облысының көп бөлігі ақ гвардияшылар қолында болды. Сібірде Уақытша сібірлік үкіметінің өкіметі орнатылды, оның басшысы адмирал А.В. Колчак болды. 1919 ж. көктемінде оның басшылығында 130 мың сарбаз және офицер болды.