Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 1 Қыркүйек

Оқиғалар күнтізбесі

1 Қыркүйек
2011 Қазақстан Республикасының білім күні
Бағзы замандарда бұл күні күздің алғашқы күні ғана емес, күнтізбенің алғашқы күні басталатын болған.
1921 Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты өз қызметін Орынбор қаласында 1921 жылы бастаған.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты - еліміздегі ең алғаш Қазақстанның даму тарихы құжаттарын жүйелеп, бір қалыпқа келтіріп жинақтаған мұрағат.

1 Қыркүйек 2011

Қазақстан Республикасының білім күні

Аталған күннің шығу тарихын іздегіміз келсе, б.з. ІV ғасырларға сапар шегуімізге тура келеді. Мұның сыры мынада: 325 жылы атақты Рим императоры Константин әлемді таң қалдырған алып шіркеу тұрғызып, бірінші қыркүйек күні Жаңа Жыл мерекесін тойлау туралы шешім шығарады.

Алайда қаулы бірден өз күшіне еніп кете алған жоқ. Ресейде және басқа да мемлекеттерде Жаңа Жыл наурыз-сәуір айларында атап өтіліп жүрді. Жүздеген жылдарды араға салғаннан кейін, 1492 жылы ІІІ Иоаннаның бұйрығымен Жаңа  Жылды тойлау дәстүрі бірінші қыркүйекке ауыстырылады.

Оқушылардың мектепке қыркүйектің бірінде баруларының себебі: бағзы замандарда бұл күні күздің алғашқы күні ғана емес, күнтізбенің алғашқы күні басталатын болған. 1984 жылдан бастап, «Білім күні» күнтізбеде қызылмен белгіленетін болды.

1 Қыркүйек 1921

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты өз қызметін Орынбор қаласында 1921 жылы бастаған.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты өз қызметін Орынбор қаласында 1921 жылы бастаған. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты - еліміздегі ең алғаш Қазақстанның даму тарихы құжаттарын жүйелеп, бір қалыпқа келтіріп жинақтаған мұрағат. Мұрағат XVIII-ші ғасырдың орта кезеңінен бастау алған революцияға дейінгі құжаттардан бастап осы кезеңге дейінгі құжаттарды сақтауда. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты Қазақстан тарихының үш кезеңінің: кеңестік дәуірге дейінгі, кеңестік дәуір мен еліміздің тәуелсіздігі кезеңіндегі құжаттарды сақтап отырған бірден бір мұрағат. Қазіргі таңда мұрағат 1 миллион 300 шамасындай құжаттар сақтап отыр.