Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 15 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

15 Қазан
1894 Ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туылған күні
Қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллинның туылған күні.
1961 55 жыл бұрын Целиноградта тың игерушілер сарайының құрылысы басталды
Құрылыс жұмысы 1963 жылы толық аяқталды.
1999 1999 жылы Айыртау ауданында Қарасай және Ағынтай батырларға мемориалдық кешен орнатылды.
Солтүстік – Қазақстан облысы Айыртау ауданында Қарасай және Ағынтай батырларға мемориалдық кешен орнатылды.

15 Қазан 1894

Ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туылған күні

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин - 15 қазанда 1894 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.

Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған. "Өткен күндер" атты тұңғыш өлеңдер жинағын 1914 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастары ұйымдастырған "Бірлік" қауымы басшыларының бірі болған. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске тілектес өлеңдерін жазған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен дәріс берген. Осы жылы "Асығып тез аттандық" өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, "Жас қазақ" революциялық ұйымын құрған. "Тіршілік" газетін шығаруға ат салысқан. 3 айлық педкурста мұғалім болған. 


15 Қазан 1961

55 жыл бұрын Целиноградта тың игерушілер сарайының құрылысы басталды

15 Қазан 1999

1999 жылы Айыртау ауданында Қарасай және Ағынтай батырларға мемориалдық кешен орнатылды.

Мемориалдық кешен  1999 жылы аты аңызға айналған -Қарасай және Ағынтай батырлардың құрметіне орнатылды, олардың жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқан ерліктеріне арналады. 17-ғасырда Есим хан әскерлерінің жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысында он сегіз жастағы Қарасай батыр хан әскерін басқарды, оның қасында ең жақын досы Арғын-Ағынтай батыр болды. Айрылыспас достар 48 жыл бірге 200 реттен астам  жоңғар шапқыншыларына қарсы қанды соғыста бірге болды, күресті 65- жастарында аяқтады. Қарасай және Ағынтай батырлар Құлшынбай төбе шоқысында бір бейітке жерленген.

15 Қазан