Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 11 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

11 Қаңтар

11 Қаңтар 2006

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметіне ресми кірісуінің салтанатты рәсімі болып өтті

Қазақстанда 2005 жылдың желтоқсан айында 3-ші президент сайлауы болып өтті. Осы сайлауда  Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көп дауысқа ие болып, жеңіске жетті.

Конституцияға сәйкес 2006 жылғы 11 қаңтарда Ақорда сарайында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуінің салтанатты рәсімі болып өтті. Салтанатты рәсімге саясаткерлер, президенттер және қадірлі қонақтар қатысты.


11 Қаңтар 1995

ҚР «Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру туралы» Жарлығы қабылданды

1995 жылы ҚР сыртқы экономикалық қызметтін ырықтандыруға келесі қадамдар жасалынды: ұлттық және жеке қауіпсіздік пен денсаулық (экспорт бойынша 9 және импорт бойынша 11 атауы) есептері бойынша құрастырылған, тауарлардың қысқа тізімін қоспағанда, барлық экспорттық квоталар мен лицензиялар жойылды.

Стратегиялық тауарларды сыртқа сату монополиясының күші жойылды, шет елге тауар шығарушылардың валюталық ақша түсімін міндетті түрде сату жойылып, сауда саттықта айырбастауға тыйым салынып, биржалық және аукцион саудасы кеңейтілді.
1995 жылдың қаңтарында Ресей, Қазақстан және Беларусь Кедендік Одақ туралы келесім шарт жасасты. Кейінірек Қырғызстан пен Тәжікстан қосылды. Оның негізгі мақсаты кедендік кедергілерді алу, тауарлардың, капиталдардың, адамдар мен қызметтердің еркін жылжуы үшін бірегей экономикалық кеңістік құру болып табылды. 1995 жылы салық салынатын  атауының тізімі бұрындығай 12 атаудан тұруына қарамастан, экспорттық және импорттық кеден баж салықтарының  мөлшерлемелері төмендетілді.

1995 жылдың 11 қаңтарында заң күшіне ие, «Сыртқы экономикалық қызметтін ырықтандыру туралы», Президент Жарлығы қабылданды. 


11 Қаңтар 2006

"Менің Қазақстаным" әні елдің Мемлекеттік әнұраны ретінде алғаш рет орындалды

Алғаш рет жаңа әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, Ақорда сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне кірісуінің салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының қолданыстағы әнұран мәтінінің бірлесіп жазған авторы. Әнұранды тыңдау ережесі де өзгертілген болатын. Енді ресми салтанатты шараларға қатысушылар әнұранды орындау барысында,  орнынан тұрып, оң қолының алақанын омырауының сол жағына қойып тыңдайды.


11 Қаңтар

Бүгін Бүкіләлемдік «рахмет» күні атап өтіледі

11 қаңтарды жылдың ең «әдепті» күні деп атауға болады – бүгін Халықаралық «рахмет» (International Thank You Day) күні атап өтіледі. БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған бұл мерекенің өзіндік мағынасы мол, өйткені бұл мерекені азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан бүкіл әлем болып тойлайды.

Біз бәріміз жақсы әдеттің  мағынасын, оның күнделікті өмірде қажеттігін жақсы түсінеміз, бірақ біз алғыстың көптеген бөлігін, аңғарусыз олардың мағынасы туралы ойланбай білдіреміз. Бірақ, алғыс сөзінің құдіреті күшті, - оның көмегімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды, назар бөліп және оң эмоциясын береді, әйтпесе, біздің өміріміз жабырқаңғы және көңілсіз болушы еді. Сондықтан туристік жол көрсеткіштерде және туристерге берілетін ақыл кеңестерде «рахмет» сөзі, келіп жеткен елдің тілінде  акцентпен айтылған болса да, қызмет көрсету сапасының жылдамдығын арттырып және тыныш және жағымды демалысты ретке келтіретіндігі бекер емес.