Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 29 Тамыз

Оқиғалар күнтізбесі

29 Тамыз
2010 Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн
БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның 29-тамызды «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн» деп жариялау туралы ұсынысын мақұлдап, арнайы қарар қабылдады
Семей сынақ алаңын жабу туралы Жарлық
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдың 29 тамызында тарихи маңызы бар құжатқа қол қойды. Бұл Семей сынақ алаңын жабу туралы Жарлық болатын.

29 Тамыз 2010

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның 29 тамызды «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн» деп жариялау туралы ұсынысын мақұлдап, арнайы қарар қабылдады. Бастаманы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылы Семейде өткен жиында көтерген болатын. Бұл, халықаралық қауымдастықтың жаппай қырып-жоятын қару-жарақты таратпауға Қазақстанның қосқан үлесін мойындау болып табылады. Сыртқы істер министрлігі дәл осы күні Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалығы кезінде қолданылатын логотипті таныстырды. Онда Мемлекеттік Туымыздағы Күн мен Қыран және ұйымның қысқартылған аты, сондай-ақ «ҚАЗАҚСТАН-2010» деген жазу бейнелеген. Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің айтуынша, еліміздің мақсат-мұратын рәмізден артық жеткізу қиын.

29 Тамыз

Семей сынақ алаңын жабу туралы Жарлық

Ядролық қарусыздандыру идеясы әлі күнге дейін халықаралық қоғамдастықтың барынша басым әрі ұзақмерзімді бағыты болып қалып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы қыркүйекте Вашингтонда өткен жаһандық саммит жұмысына қатысты. Саммитте Елбасымыз ядролық қауіп-қатерді азайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді. Әлемдік қоғамдастықтың қолдауымен Қазақстанда ядролық қауіпсіздік саласында бірнеше маңызды жоба іске асырылды. Ядролық инфрақұрылымдар мен ядролық материалдардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында шаралар қолданылуда. Еліміздің уран шығару және өндіруден әлем нарығында алдыңғы қатарда екенін ескерсек, бұл шаралардың маңызы зор. Сондай-ақ ядролық лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі жаһандық бастама аясында Астанада конференция өткізу – Қазақстанның Вашингтон саммиті шешімдерін жүзеге асыруға қосқан үлесі, – деді заң ғылымының кандидаты, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құқықтану кафедрасының доценті Гүлбахша Мұсабаева. 

Шара барысында Семей сынақ алаңының алып жатқан аумағы, оның құрылысына кеткен қаржы, сынақ алаңының қоршаған ортаға келтірген зардабы, тағы басқа да мәселелер сөз болды. 

“Чернобыль” қоғамдық бірлестігінің мүшесі Алексей Костыревтің айтуынша, ол Отан алдындағы борышын 1973-1974 жылдары №13233 әскери бөлімінде Семей сынақ аумағында атқарған. “Жанымызда аэродром болатын, бірақ біз ол жерде полигон бар екенінен хабарсыз едік. Әскерде болған кезден бастап ауыра бастадым. Бір жылдың ішінде денсаулығым сыр берді. Статистикаға сүйенсек, сол жылдары Семей сынақ алаңы аумағында дүниеге келген әр жиырмасыншы бала мүгедек болып туған. Сондықтан халыққа қайғы-қасірет әкелген бұл сынақ алаңының жабылғанына өте қуаныштымын. Семей апат алаңының жабылуы Тәуелсіздіктің ең басты жеңісі деп білем”, – деді. 

Белгілі қазақстандық ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің басшылық етуімен басталған ядролық қаруға қарсы “Невада-Семей” қозғалысының маңызы жайлы да айтылды. Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің оқытушысы Светлана Абулгазинаның жасаған баяндамасы да “дөңгелек үстелге” қатысушыларға ой салмай қоймады. Светлана Рузаевна өзінің әңгімесін статистикалық деректерге сүйене отырып баяндап, дәлелді слайдтармен әрледі.