Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 8 Наурыз

Оқиғалар күнтізбесі

8 Наурыз

8 Наурыз 1932

1932 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстан базасы жасақталды

XX ғасырдың басынан бері алғашқы мемлекеттік мекемелер ашыла бастайды. Өлкелiк өсiмдiк қорғау станциясы (1924), Тыңайтқыш және агрономиялық-топырақтану ғылыми-зерттеу институты (1926) ашылды. Алматы Бас геология комитетінің және Түстi металдар институтының бөлiмшелерi жұмыс iстей бастады. 1927 жылы республиканың табиғи ресурстарын кешендi түрде зерттеу жөнiнде КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы құрылып, оны академик А.Е. Ферсман басқарды. 1932 жыл қарсаңында республикада 10-нан астам ғылыми-зерттеу институты мен тәжiрибе станциясы, жүздеген тiрек пунктерi, зертханалар мен ауа райын зерттеу станциялары, бiрсыпыра геологиялық барлау ұйымдары болды. 

1932 жылғы 8 наурызда КСРО ҒА-ның Қазақстан базасы жасақталды. Мұнда зоология және ботаника секторлары жұмыс істеді.

8 Наурыз

Халықаралық әйелдер күні

Халықаралық әйелдер күні (International Women's Day) – сонымен қоса, бұл күні әйелдердің саясаттағы, экономика мен әлеуметтік саладағы жетістіктері аталып өтіп, әлем әйелдерінің өткені, бүгіні және келешегі мерекеленеді. Қазіргі күні Әйелдер күнін мерекелеу теңдікті дәлелдеу мақсатында емес, керісінше көктемді, әйел сұлулығын, нәзіктігін, кемеңгерлігін дәріптеп және оларға көңіл бөлетін күн ретінде есептеледі. Бұл күн, ерлер қауымының тағы да өздерінің ардақты аналары, сүйікті де сүйкімді қыздары мен әйелдерін қамқорлыққа ала, сый-сиапаттарын көрсететін күн.