Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 6 Тамыз

Оқиғалар күнтізбесі

6 Тамыз
2012 2012 жылы Қазақстан ХХХ Олимпиада ойындарында Қазақстан жалпы есепте О.Рыпакованың алтыншы алтын медалімен 7 орынға шықты
2012 жылы 6 тамызда Лондонда өткен ХХХ Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы жеңіл атлетикалық жарыста, қатарынан үш рет секіріп түсуден қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова жеңіске жетті.
1741 1741 жылы Орынбор қаласының іргетасы қаланды
1740 ж. В.Татищев сауда керуендері түнейтін, әскери күштер орналасуы керек деп жоспарланған қамал орнын қолайсыз деп тауып, “Орынборды” 200 шақырым Жайық ағысымен төменірек жерден салуға рұқсат алды.

6 Тамыз 2012

2012 жылы Қазақстан ХХХ Олимпиада ойындарында Қазақстан жалпы есепте О.Рыпакованың алтыншы алтын медалімен 7 орынға шықты

Жеңіл атлетіміздің алтыншы алтын медалі лондондық Олимпиаданың жалпы дәрежелі есебінде елімізді 7 орынға көтерді.

6 Тамыз 1741

1741 жылы Орынбор қаласының іргетасы қаланды

Сөйтіп, қазіргі Қызылту ст-сының іргесі қаланды. 1742 ж. жаңадан тағайындалған губернатор И.И. Неплюевке бұл жер ұнамай, 1736 ж. Кирилов іргесін қалаған Берді бекінісі қала орны болуы керек деп Сенатқа ұсыныс жасайды. Сөйтіп, 1743 ж. О. іргесі Берді қамалының орнына түпкілікті қаланады. Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өзеннің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңының Орынборға және қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орта Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 ж. 4 қазанда О-да Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды.