Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 11 Қараша

Оқиғалар күнтізбесі

11 Қараша
1993 1993 жылы «Болашақ» Мемлекеттік бағдарламасы құрылды
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамашылығымен кадрларды даярлау және жетекші шетел университеттерімен білім беру байланысын дамыту үшін «Болашақ» Мемлекеттік бағдарламасы құрылды.
1996 18 жыл бұрын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты құрылды.

11 Қараша 1993

1993 жылы «Болашақ» Мемлекеттік бағдарламасы құрылды

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың1993 жылғы 5 қарашадағы№ 1394 Жарлығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылды, қазіргі таңда елдің бәсеке қабілетті кадрлық әлеуетін қалыптастыруды жалғастыруда, - деп хабарлайды Халықаралық бағдарламалар орталығы.

Елбасы бірнеше жылдар бойы «Болашақ» бағдарламасына ерекше назар аударуда. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында білім беру қызметтерінің қол жетімділігі және елдің барлық өңірлеріндегі және негізінен ауылдық жерлердегі дарынды жастардың «Болашақ» бағдарламасына қол жетімділігі өзекті мәселе болып табылатындығын атап өтті. Осы жылы құжаттарды қабылдау магистратура, докторантура, ғылыми, педогогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық тағылымдамадан өту бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2012 жылғы 14 мамырдан 1 қазанға дейін, өз бетінше түсетін санаттар үшін 2012 жылғы 14 мамырға дейін ұзартылды. 

Осы ақпараттық компания және бұрынғы бағдарламаны іске асыру, оған «халықтық» сипат беруге: қол жетімділікке, ашықтыққа, тосқауылдың болмауына мақсатталды.


11 Қараша 1996

18 жыл бұрын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты құрылды.