Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 12 Қыркүйек

Оқиғалар күнтізбесі

12 Қыркүйек

12 Қыркүйек 1941

Қазақ киносының күні

«Ленфильм» студиясында түсірілген картина ұлт батыр Амангелді Иманов туралы баяндады. Режиссері - Марк Левин, ал Амангелдінің рөлін актер Елубай Өмірзақов ойнады. Осылайша, қазақтар туралы түсірілген алғашқы фильм дүниеге келді. Қазақ киносының одан арғы дамуы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарына келді. «Ленфильм» мен «Мосфильм» студиялары Алматыда жұмыс істей бастады. 1941 жылдың 12 қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақ КСР ХКК қаулысы негізінде фильмдердің түсірілімімен Көркем және деректі фильмдер студиясы айналыса бастады, ал 1960 жылы  ол «Қазақфильм» атауына өзгертілді.

1941 жылдың 12 қыркүйегінен бастап, Қазақ ССР Халық комиссарлар Кеңесінің 1941 жылғы 12 қыркүйектегі № 762  қаулысы негізінде Алмат-Аты көркем фильмдердің киностудиясы ұйымдастырылды.

Бұл орда кейіннен, 1960 жылдан бастап «Қазақфильм» деп аталды, ал 1984 жылы «Қазақфильм» киностудиясына атақты ұлттық кинематограф Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі берілді (Ш. Айманов ат. «Қазақфильм» киностудиясы).

70 жыл ішінде студияда 228 толық метражды және 70 қысқа метражды, 1133 деректі, 139 анимациялық фильмдер түсірілді.

Қазақстан кинематографистері одағының басшысы Бауыржан Нөгербеков 2005 жылы бұл күнді (12 қыркүйек) «Қазақ киносының күні» деп атауды ұсынды. Содан бастап бұл дата жыл сайын атап өтіліп келеді.

12 Қыркүйек 2006

8 жыл бұрын Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрік» тұңғыш басылымының орыс тіліндегі таныстыру рәсімі өтті.

2006 жылы 12 қыркүйекте «Диуани лұғат ат-түрік»түркі тілдерінің көне сөздігі және Орталық Азияның өркениет тарихы туралы білімдердің дереккөзі болып табылады. Осы басылымда қазақстандық зерттеуші Зифа-Алуа Әуезова араб түпнұсқасынан орыс тіліне толық аударған. Әл-Қашғаридің ерте кезеңде түркілердің мәдениеті және түркі лексемалардың индексін қалай қабылдағанына арналған аудармашының кіріспе сөзін Роберт Эрмерс дайындады. Аударма жазбаның көшірмелік басылым негізінде жасалған. «Диуани лұғат ат-түрік» орыс тіліндегі аудармасы тарихшы, философ, мәдениетші, тілшілер мен әдебиетшілердің зерттеу жұмыстарына маңызды дереккөз болып қызмет істей алады.

12 Қыркүйек 2006

2006 жылы Астана қаласында әлемдік және дәстүрлік діндердің II съезді өтті

12 Қыркүйек 1998

16 жыл бұрын Алматы қаласында ақын, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың ескерткіш-бюсті мен мұражай үйінің ашылу салтанаты өтті.

1998 жылы 12 қыркүйекте Алматы қаласында ақын, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың ескерткіш-бюсті мен мұражай үйінің ашылу салтанаты өтті.

12 Қыркүйек 1959

1959жылы «Байқоныр» космодромынан «Восток-Л» ракетасы ұшты