Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 30 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

30 Желтоқсан

30 Желтоқсан 1998

1999 жыл Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды

1999 ЖЫЛДЫ ҰРПАҚТАР БІРЛІГІ  МЕН САБАҚТАСТЫҒЫ ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ

Жұртшылықтың ой-пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, ұрпақтардың өзара байланысын дамыту және Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында Қаулы ЕТЕМІН:

  1. 1999 жыл Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жариялансын.

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

 1) 1999 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылын өткізу жөнінде Мемлекеттік комиссия құрсын.

  Саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, ұлттық мәдени орталықтар, шығармашылық одақтар, діни бірлестіктер басшыларына Мемлекеттік комиссияның құрамына ену жөнінде ұсыныс жасасын;

  облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне, орталық атқарушы органдардың басшыларына осы тәрізді комиссиялар құруды тапсырсын;

  2) 1999 жылғы 20 қаңтарға дейін Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін;

  3) Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты іс-шараларды қаржыландыруды заңда белгіленген тәртіппен жүргізсін;

  4) Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы аясында белгіленген іс-шаралардың жүзеге асу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен  және уақтылы жариялауды қамтамасыз етсін; 

  5) Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылын өткізу жөніндегі  Мемлекеттік комиссияға Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін  құрбандарын еске алу және Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылдары  жүргізілген жұмыстарды одан әрі жалғастыруды жүктесін. 

  3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Президенті 

30 Желтоқсан 1922

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылды

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) – аумағы бойынша бірінші, экономикалық және әскери күш-қуаты бойынша екінші және халық саны бойынша үшінші әлемнің бұрынғы ірі мемлекеті.  КСРО шығыс бөлігінің жартысын және Азия солтүстігінің үштен бір бөлігін алды. 1922 жылдың 30 желтоқсанында КСРО  Кеңесінің  I Съездімен КСР Одағын құру туралы декларация бекітілді. Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы, Украина және Белоруссия кеңестік социалистік республикаларымен және Закавказье Социалистік Федеративті Кеңес Республикаларымен біріккен бұл күн, КСРО құрылған күні болып есептелінеді. Бұл Республикалар 1917 жылғы Қазан төңкерісінен және Ресей империясы ыдырағаннан кейін пайда болды.  Бастапқыда КСРО құрамына тек ғана осы төрт кеңестік республикалар кірді, ал кейінгі жылдары КСРО құрамына басқа да республикалар құрылып және құрамына енді.

1951 жылдан 1991 жылдар  аралығында КСРО құрамына 15 кеңестік республика кірді: Ресей КФСР, Украина КСР, Белорусь КСР, Өзбек КСР, Қазақ КСР, Грузия КСР, Әзірбайжан КСР, Литва КСР, Молдова КСР, Латвия КСР, Қырғыз КСР, Тәжік КСР, Армения КСР, Түрікмен КСР және Эстония  КСР.

1991 жылдың қыркүйегінде Литва, Латвия және Эстония кеңестен шықты.

1991 жылдың 8 желтоқсанында РКФСР, Украина және Белоруссия басшыларының Беловеж орманындағы кездесуінде КСРО тарататындықтарын жариялап, КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты, және Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын  (ТМД) - жаңа ассоциациясын құратындықтары жөнінде келісті.

21 желтоқсанда Алматыда 11 республиканың басшылары осы достастықты құру туралы хаттамаға қол қойды.

 25 желтоқсанда  КСРО-ның  соңғы президенті Михаил Горбачев отставкаға кетіп, келесі күні КСРО таратылды.

Дерекнама: http://www.calend.ru/event/4837/