Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 7 Тамыз

Оқиғалар күнтізбесі

7 Тамыз
1225 Сұлтан Бейбарыстың туған күні
1223 жылы беріш руынан туған. Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Бейбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы.
2006 Батыс Қазақстаннан бірегей археологиялық құндылықтар табылды
Бөрілі ауданынан табылған жәдігерлер б.з.д VI-V ғасырларға тиесілі.
1740 Жәнібек бастаған қазақ билері сауда керуендерінің қауіпсіздігін талқылады
Кездесу Орынбор комиссиясының бастығы генерал-лейтенант, князь В.А.Урусовпен болды.

7 Тамыз 1225

Сұлтан Бейбарыстың туған күні

Бейбарыстың әкесі — Жамақ, анасы — Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Сол кезде беріш руы Қырым өңірінде тұрған (қазіргі заманда беріш көбінесе Атырау облысында қоныстанған).Әмір Айтегін әл-Бұндуқтар Димашқ құл базарында сатып алған сондықтан Байбарыс әл-Бұндуқтари деп аталған.

Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихында аса ғажайып тұлға. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар.
Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген екен. Бейбарыс — қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам. Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мухаммед пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көпжылдық кақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан қорғауда олар жергілікті халыққа емес, күшті-де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек артты.

1271 жылдан бастап исламның сопылық бағытта көшуіне байланысты, әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальяндық көпестерден сатып алды. Осылайша Бейбарыста Дамаскіде 800 дирхемға сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Бейбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді.

7 Тамыз 2006

Батыс Қазақстаннан бірегей археологиялық құндылықтар табылды

7 Тамыз 1740

Жәнібек бастаған қазақ билері сауда керуендерінің қауіпсіздігін талқылады

Жәнібек пен Василий Урусов сауда керуендерінің қазақ даласына аман-есен жетуі мен екі ел арасындағы сауда байланыстарын жолға қою мәселелерін талқылады.