Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 10 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

Бүгін 10 Желтоқсан
1991 Қазақ ССР-ін Қазақстан Республикасына қайта атау туралы шешім қабылданды
1991 Н. Назарбаев республика Президенті ретінде салтанатты түрде ант қабылдады
1991 жылдың 10 желтоқсанында Республика Сарайында Н. Назарбаев республика Президенті ретінде салтанатты түрде ант қабылдады.
1991 Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісті
1991 жылдың 10 желтоқсанында Н.Ә. Назарбаев республика Президенті ретінде лауазымына кірісті.
1997 ҚР астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына ресми түрде ауыстырылды
1997 жылдың 10 желтоқсанында ҚР астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына ресми түрде ауыстырылды.
1998 "1998 жылды Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы" атты Жарлық шықты

10 Желтоқсан 1991

Қазақ ССР-ін Қазақстан Республикасына қайта атау туралы шешім қабылданды

1991 жылдың басында үш мемлекеттің көшбасшылары: Ресейде – Б. Ельцин, Украинада – Л. Кравчук және Беларуссияда – С. Шушкевич 1922 жылғы одақтас келісім-шартты денонсациялау туралы Беловежск келісіміне қол қойды. КСРО-ның шынайы құлауы ресми түрде ресімделді. КСРО құрамына кірген одақтас республикалар тәуелсіз, зайырлы мемлекет құрды.

1991 жылы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақ ССР-ін Қазақстан Республикасына қайта атау туралы шешім қабылдады.



10 Желтоқсан 1991

Н. Назарбаев республика Президенті ретінде салтанатты түрде ант қабылдады

10 Желтоқсан 1991

Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісті

10 Желтоқсан 1997

ҚР астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына ресми түрде ауыстырылды

Қазақстан астанасын Алма-Атыдан Астанаға ауыстыру (10 желтоқсан 1997 ж.) – Қазақстан астанасын ауыстыру есебі бойынша үшінші. Бұрынғыға қарағанда, аталған ауысу республика  өз билігінің  бастамасымен ауыстырылды. Ол сондай-ақ совет өкіметі кеңістігіндегі мемлекеттердің ішінде мемлекет астанасын ауыстырған  алғашқы және жалғыз мемлекет болып, елдегі әлеуметтік-экономикалық өмірге маңызды әсерін тигізді. 


10 Желтоқсан 1998

"1998 жылды Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы" атты Жарлық шықты

"1998 жылды Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 3790 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 

  1. Халық бiрлiгi және ұлттық тарих жылын өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - Мемлекеттiк комиссия) құрылсын. 

  2. Мемлекеттiк комиссияның жеке құрамы мен Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылын өткiзу жөнiндегi негiзгi шаралар жоспары (1 және 2-қосымшалар) мақұлдансын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынылсын. 

  3. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және ведомстволардың басшылары жоғарыда аталған комиссияға ұқсас комиссиялар құрсын. 

  Халық бiрлiгi және ұлттық тарих жылы бойынша шараларды қаржыландыру 1998 жылға арналған республикалық бюджетте министрлiктер мен ведомстволарға көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде жүргiзiледi. 

  4. Республикалық ономастика комиссиясы жекелеген елдi мекендердiң атауын тарихи шындыққа сәйкес келтiрсiн.

  5. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi тарихи маңызы бар жаңа мемориалдар салу және қолда барын тиiстi күйге келтiру жөнiнде шаралар қабылдасын.