Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 6 Мамыр

Оқиғалар күнтізбесі

6 Мамыр
1998 1998 жылы «Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты
«Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы» ҚР Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығы

6 Мамыр 1998

1998 жылы «Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.