Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 13 Сәуір

Оқиғалар күнтізбесі

13 Сәуір
2010 2010 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы қабылданды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы қабылдады.
1996 19 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды

13 Сәуір 2010

2010 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы қабылданды

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы ( одан әрі - Бағдарлама ) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген . Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизм дерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.


13 Сәуір 1996

19 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды

19 жыл бұрын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды.