Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 31 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

31 Қаңтар

31 Қаңтар 2006

«Самұрық» ұлттық холдингтік компаниясы» АҚ құру туралы» жарғы шықты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде «Самұрық» ұлттық холдингтік компаниясы» АҚ құру туралы жарғыға қол қойды.

Холдинг төрағасының міндетін атқарушы болып Сауат Мыңбаев тағайындалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұдан бұрын республика үкіметіне ұлттық компаниялар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік үлестерін басқаруына беру жоспарланып отырған мемлекеттік холдинг құруды тапсырған.