Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 28 Мамыр

Оқиғалар күнтізбесі

28 Мамыр
1999 1999 ж. ҚР қаржыгерлерінің I Конгресі болды
1999 ж. ҚР қаржыгерлерінің І Конгресі болды ҚР қаржыгерлерінің I Конгресі (1999 ж. мамыр)
1869 146 жыл бұрын Ақтөбе қаласының негізі қаланды
1874 1874 жылы композитор әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі Беркімбайұлы Естай дүниеге келді.
Павлодар облысының Екібастұз ауданында туған. Ақындық, әншілік қабілет Естайға ана сүтімен дарыған.

28 Мамыр 1999

1999 ж. ҚР қаржыгерлерінің I Конгресі болды

1999 жылы 28 мамырда Қазақстан қаржыгерлерінің бірінші конгресі болды

Конгресте депозиттерді сақтандыру туралы шешім қабылданды. «Жеке тұлғалардың салымдарын (сақтандыруын) кепілдік ететін Қазақстандық Қоры» ЖАҚ жарғылық капиталына 1 млрд. теңге енгізген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қордың құрылтайшысы ретінді болды. Сөйтіп, елде азаматтар қорларының қорғанысы құрылды.

28 Мамыр 1869

146 жыл бұрын Ақтөбе қаласының негізі қаланды

146 жыл бұрын Актюбинск қаласы құрылды, қазіргі ресми атауы – Ақтөбе. Қала 1869 жылы қаланған Ақ төбе бекінісінің орнында пайда болды. 1977 жылы Батыс-Қазақстан темір жолының орталығы болды. Қазіргі уақытта Қазақстанның ірі экономикалық орталығы болып табылады.


28 Мамыр 1874

1874 жылы композитор әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі Беркімбайұлы Естай дүниеге келді.

Естайдың анасы Күлипа, нағашысы Байтұлым ауыл арасында ғана емес, кезінде бүкіл Кереку өңіріне аттары әйгілі әншілер болған. Естай ат жалын тартып мінуге жарағаннан бастап қолына домбырасын алып, ән айтуға талаптанады. Жиын-тойларға жиі барып, ақындар мен әнші-жыршылардың өнерлерін бойына сіңіріп өседі. Ол мұнымен қоса ауылдағы Жақып деген молдадан арабша сауатын ашып, ара-тұра өлең жаттап, құрбы-құрдастарының арасында айтып жүреді. 16 жасында Біржан салды тыңдап, ұмтылмастай әсер алады. Сондай-ақ, ол Жарылғапберді, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Шашубай сынды әнші-ақындармен бірге үлкен жиындарда ән салып, халыққа танымал болады. Естай ақындық, орындаушылық өнерімен қатар шебер композитор ретінде те белгілі. Оның «Майда қоңыр», «Жүректе», «Мәлике», «Өмір», «Қоңыр жел», «Дүние», «Шоққара ағаш» сияқты  әндері көп. Ал классикалық «Хорлан», «Құсни-Қорлан» әндері оның есімін аңызға айналдырды. Аты аңызға айналған әнші 1946 жылы қайтыс болды.

Естай әндерін А.Затаевич тұңғыш рет нотаға түсірген. Әнші 1939 жылы Алматыға келіп, музыка зерттеушісі әрі композитор Б.Ерзаковичке өз әндерін нотаға түсіртеді. 1945 жылы ұлы Абайдың туғанына 100 жыл толу тойына қатысып, Нұрлыбек, Төлеу, Сапарғали және Нартай ақындармен өнер сайысына түседі.

А.Жұбанов пен Б.Ерзакович  Естайдың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер жазды. Ақын М.Әлімбаев «Естай - Хорлан» поэмасын, И.Оразбаев «Естайдың Хорланы» драмасын әнші өміріне арнады.