Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 17 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

17 Желтоқсан

17 Желтоқсан 1991

ҚР «Бюджет жүйесі туралы» алғашқы Заңы қабылдынды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі А.С.Павловтың үндеуге қоса  берілген баяндама хатында Парламент Мәжілісінің депутаттарымен Қазақстан Республикасы  «Бюджет жүйесі туралы» Заң жобасын талқылау барысында 53 баптың 2) тармақшасына қатысты сұрақ қойылып, онда, Парламент республикалық бюджетті бір жылға бекітеді делінген. Аталған заң жобасының редакциясында республика бюджетін қысқа мерзімге (жартыжылдық, тоқсан, ай) бекітуді ұсынды. Сонымен қоса, Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасының Парламенті мен Есеп комитетіне республикалық бюджеттің орындалуы туралы түсініктеме хаттары бар, сондай ақ Парламентпен анықталған  мерзімі бар  айлық, тоқсандық және жылдық есеп берілуі туралы мәселе қойылды. 

17 Желтоқсан 1996

Екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің қаржылық есептің халықаралық стандартқа ауыстыру бағдарламасы құрылды

Екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің қаржылық есептің халықаралық стандартқа ауыстыру бағдарламасы 1996 жылдың желтоқсанында қабылданды.

Аталған бағдарламаға сәйкес Қазақстанның қолданыстағы барлық банктері 2000 жылдың аяғына дейін капитал өтімділігінің  жеткілікті деңгейде болуын, актив сапасы, менеджемент деңгейі, бухгалтерлік есеп, ақпаратты енгізу және берудің  халықаралық стандартына қол жеткізуі тиіс еді.

Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында (1996-2001 жылдар) банктердің саны қаржылық жағдайының тұрақсыз болуы есебінен едәуір қысқарды.