Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 9 Тамыз

Оқиғалар күнтізбесі

9 Тамыз

9 Тамыз 1933

81 жыл бұрын г-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА, минералдық ресурстар академиясының академигі Диаров Муфтах дүниеге келді.

1955-1964 жылдары - Индер геологиялық барлау экспедициясының геологы, партия комитетінің бастығы, бас геологы. 1964-1978 жылдары - Қазақ мұнай геологиялық баралу ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі. 1978-1992 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты директорының орынбасары, директоры, зертхана меңгерушісі. 1992-1997 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Батыс бөлімшесі академик хатшысының орынбасары. 1997 жылдан «Атырау-ғылым» акционерлік қоғамының вице-президенті болған. Ғалым Каспий маңы ойпатында бор, борлы-калийлі тұздар іздеу, барлау мәселелерімен шұғылданған. Минералдық тұздарды барлаудың жаңа тәсілдерін жасап, пайдаланған.

9 Тамыз 2000

14 жыл бұрын Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы достастық жөніндегі Меморандумға ҚР вице-премьері И.Тасмағамбетов және Ф.Майор қол қойды.

9 Тамыз