Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 28 Маусым

Оқиғалар күнтізбесі

28 Маусым
1991 «Қазақ КСР-дегі Жер реформасы туралы» Қазақ КСР-нің Заңы қабылданды.
1991 жыл 28 – маусым «Қазақ КСР-дегі Жер реформасы туралы» Қазақ КСР-нің Заңы қабылданды.
1995 19 жыл бұрын (1995) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мұнай туралы» Заң күші бар Жарлығы шықты.
ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні.
Әуелде тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда атап өтіліп келді.
2002 Лениногорск қаласының атауы Риддер болып өзгертілді.

28 Маусым 1991

«Қазақ КСР-дегі Жер реформасы туралы» Қазақ КСР-нің Заңы қабылданды.


28 Маусым 1995

19 жыл бұрын (1995) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мұнай туралы» Заң күші бар Жарлығы шықты.


28 Маусым

ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні.

Себебі, 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым - «Түркістан уәлаяты газетінің» алғашқы саны жарық көрді.

1997 жылы бұл дата өзгертіліп, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан 28 маусымға белгіленді. Ол «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚазКСР Заңы деп аталды. Осы жылдан бастап тілшілер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді.

Былтыр журналистер мерекесінің датасы қайта өзгерді. 2011 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелер тізімінің жаңа редакциясын мақұлдады. Оған сәйкес, 28 маусым - Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді.


28 Маусым 2002

Лениногорск қаласының атауы Риддер болып өзгертілді.

2002 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск қаласының атауын Риддер деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды.