Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 18 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

18 Қаңтар

18 Қаңтар 2005

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойылды

Мәжіліс депутаттары жалпы отырысында “Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартты бекіту туралы” ҚР Заңының жобасын мақұлдады.

Осы заң жобасына байланысты түсініктеме берген ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын белгілеуді жүргізу қажеттігі оның Қазақстан мен Ресей арасындағы өту сызықтарының заңды түрде белгіленіп, қағазға түспегендігінен туындағанын айтты. “Осы жағдай шекара арқылы өтетін адамдар мен жүктерге тиісті бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ экономикалық контрабандаға, есірткі тасуға, жасырын көші-қонға тосқауыл қоюда шекара бөлімшелері мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметін қиындатты. Сондықтан аталған заң жобасы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын халықаралық құқықтық рәсімдеуге, шекара арқылы өткізу бекеттеріне кедендік, шекаралық, санитарлық және басқа да бақылау нысандарын тәртіпке келтіруге кірісуге мүмкіндік береді", - деді Қасымжомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин 2005 жылы қаңтардың 18-і күні Мәскеуде қол қойған болатын. Ол шекараның ұзындығы 7590 шақырымнан асады.