Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 19 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

19 Қаңтар

19 Қаңтар 1993

«Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» ҚР Заңы қабылданды

1993 жылдың 19 қаңтарында «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заң қабылданды.

Еліміздің Қарулы Күштерінің құрылуы сонау кеңес заманынан бастап бастау алған. Бұрынғы кеңес армиясының бірлестіктері, құрамалары мен бөлімдері бүгінгі ҚРҚК-нің негізін құрады.

Құрлық әскерлерінде  жоғары болып маршал атағы, флотта (сол мезетте болмаған - автордың ескертуі) адмирал атағы саналды. Маршал атағы Қазақстанда берілмеген. Армия генералы атағы сол 1993 жылы Қазақстанның алғашқы қорғаныс министрі С.Қ.  Нұрмағамбетовке берілді, екінші болып алған қорғаныс министрі М.Қ. Алтынбаев.


19 Қаңтар 1940

75 жыл бұрын Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің негізі қаланды

75 жыл бұрын Қазақ мемлекеттік шет тілдер мұғалімдер институтының негізі қаланды (қазіргі — Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті). Бүгінгі таңда университет Қазақстан және шетел мемлекеттерінде беделі өскен оқу-ғылыми кешендерінің бірі болып табылады.