Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 23 Мамыр

Оқиғалар күнтізбесі

23 Мамыр
1992 1992 жылы Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қосылды
Лиссабонда АҚШ, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина КСРО және АҚШ арасындағы стратегиялық ядролық күштерді шектеу және қысқарту туралы Келісім хаттамасына қол қойды.
1924 Қазақтың көрнекті археологы Кемел Ақышұлы Ақышевтың туылған күні

23 Мамыр 1992

1992 жылы Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қосылды

Лиссабон хаттамасы – 1992 жылы 23 мамырда Ресей, АҚШ, Украина, Беларусь және Қазақстан стратегиялық ядролық күштерді шектеу және қысқарту туралы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы және Америка Құрама Штаттары арасындағы Келісімге хаттама.

Бұл хаттама 1991 жылы қолы қойылған стратегиялық ядролық қаруды шектеу және қысқарту туралы кеңес-американдық келісімге қосымша болып табылады.

Украина, Қазақстан және Беларусь Лиссабондық хаттамаға қол қойып, келісім жақтарымен СНВ-I болып танылды. ҚР ядролық қаруы жоқ елдер қатарына қосылды. Олардың аумақтарындағы барлық стратегиялық ядролық қаруларды олар жоюға немесе Ресейге беру міндетін өздеріне жүктеді.

23 Мамыр 1924

Қазақтың көрнекті археологы Кемел Ақышұлы Ақышевтың туылған күні

91 жыл бұрын (1924-2003) қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, тарих ғылымының докторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Герман Археология институтының корреспондент-мүшесі Кемел Ақышұлы Ақышев дүниеге келді.

Павлодар облысының Баянауыл кентінде туған. Қазақ мемлекттік университетін бітірген. 1950-1955 жылдары - Қазақ Ғылым академиясының аспиранты, кіші, аға ғылыми қызметкері. 1955-1990 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты археология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.  1991 жылдан Ә.Марғұлан атындағы Тарих, археология және этнография институтының бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері  болып қызмет атқарып келеді.

К.Ақышев 1954 жылдан бастап Солтүстік, Оңтүстік және Жетісу археологиялық экспедицияларын ұйымдастырушысы және жетекшісі болды. Көне  және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерін, әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Алтын адам», Бесшатыр, Отырар жәдігерлерін зерттеген. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениетін кезеңдеу және мерзімдеу мәселелерін анықтады. Ғалым - көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты. Оның 220-ға жуық ғылыми еңбегі, соның ішінде 14 монографиясы бар.

«Парасат» орденімен марапатталған.