Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 7 Мамыр

Оқиғалар күнтізбесі

7 Мамыр
1992 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды.
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды.
Қазақстандықтар Отан қорғаушылар Күнін атап өтеді

7 Мамыр 1992

1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды.

Мемлекеттік саясаттың әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы алғашқы қадамдарының бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 25 қазанда шыққан «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы» Жарлығы болды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер  өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды.

Аталған жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді.

2007 жылғы Әскери доктринада мемлекеттің әскери ұйымын дамытудың негізгі бағыттарының бірі өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің белгіленген жауаптылық аймақтарында әскери қауіпсіздік міндеттерін шешу мәселелеріндегі нақты дербестігін қамтамасыз ету және әскерлердің стратегиялық бағыттардағы жеткілікті топтастықтарын құру болып айқындалды.

7 Мамыр

Қазақстандықтар Отан қорғаушылар Күнін атап өтеді

2012 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасының Парламенті мейрамдарға арналған заңды қайта қарап, 7 мамырды мемлекеттік мереке деп таныды. Заңға сәйкес, 7 мамыр демалыс күні болып бекітілді. 

2013 жылы 7 мамырда республикада алғашқы рет Қазақстан Қарулы Күштердің Әскери шеруі өтті. Әскери шеруге 7 мыңнан астам әскери қызметкерлер, 400 –де астам әскери техника, 80-нен артық ұшақтар мен тікұшақтар қатысты.