Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 12 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

12 Желтоқсан

12 Желтоқсан 2003

Қазақстан Республикасы кеден қызметкерлерінің күні

Кеден тарихы ғасырларды терең бойлайды және кеденсіз шекара болмайды!

Бірінші кедендік жинақтары біздің  дәуірімізге дейін 1 мыңжылдығындағы Ұлы түрік қағанатының бірінші билеушілері Бұмын қағанының және Істіме қағанының заңнамаларында бейнеленген. Сақ-массагет тұрмысын сипаттаған, танымал тарихшы Геродоттың куәландыруы бойынша, Қазақстан аумағындағы кедендік баж салықтары Ұлы парсы патшасы Кирдің жеңімпазы сақ ханшайымы Томирис (Тұмар ханым) (шамамен б.д.дейінгі 570-520 жылдар) кезінде алынған.

XVIII ғасырда бірінші шекаралық кедені 1782 жылы Петропавл облысында құрылған (шекара арқылы тауарды құпия өткізуді алдын алып және кедендік салымдарды алу үшін).

Қазақстандық кеденінің эмблемасы Қазақстан Республикасының Кеден комитеті 1991 жылдың 12 желтоқсанында құрылды, қазіргі уақытта ҚР қаржы Министрлігінің кедендік бақылау Комитеті. 

1997 жылы кешендік туы, эмблемасы және белгісі бекітілді.

Тәуелсіз Қазақстанда мереке 2003 ж 15 қарашасында Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа мерекелердің жаңа тізіміне сәйкес 12 желтоқсанда атап өтіледі.

Мерекелеріңізбен, құрметті Кеден қызметкерлері!


12 Желтоқсан

Бүгін совет және қырғыз жазушысы, мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматов туылды

Шыңғыс Төреғұлы Айтматов 1928 жылдың 12 желтоқсанында Шекер ауылында (Қырғыз Республикасында) алғашқы қырғыз-коммунистерінің отбасында дүниеге келген. Отбасының арқасында болашақ жазушы бала кезінен орыс мәдениетіне, орыс тілі мен әдебиетіне араласты. 1937 жылы басшылық қызметте болған оның әкесі репрессияға ұшырап және Шыңғысқа ерте есеюге тура келді. Өзінің еңбек өтілін 10 жаста бастап, ал он төрт жаста Отан соғысының жылдары, ересек ерлер фронтта болған кезде, үлкен ауылдың аса қиын өмірлік мәселелерін шеше отырып, - ауыл кеңесінің хатшысы болды.

Сегіз сыныпты бітіріп, Айтматов Жамбыл зоотехникумына түсіп, оны үздік бітіріп және ауыл шаруашылығы институтына қабьлданды. Студенттік жылдары ол үлкен емес естеліктерін, мақалаларын, очерктарын жазып және газетте жариялап отырды. Институтты аяқтағаннан кейін зоотехник болып жұмыс істеп, жазуды жалғастырды.

1952 жылы басылымда орыс тіліндегі «Газетчик Дзюйдо» әнгімесі ең алғаш рет басылып шықты. 1956 жылы Мәскеуге Жоғарғы әдебиет курсына оқуға келді. Қырғызстан оралған соң, «Литературный Киргизстан» журналының редакторы болды, бес жыл Қырғызстандағы «Правда» газетінің меншікті тілшісі болды. Жазышуға кеңінен танымалдылықты кейінірек «Тау мен дала жыршысы» кітабына енген, барлық сынақтан өткен, бұрын қамалған қырғыз әйелінің жеке бақыты мен қоғамдық қызметі қатысты құқығы, махаббаты туралы «Жамиля» (1958) повесті алып келді. 1961 жылы «Қызыл орамалды шынарым» повесті, содан соң «Алғашқы ұстаз» (1962), «Жер ана» (1965), «Қош бол, Гүлсары» (1966), «Ақ кеме» (1970) және т.б повестері жарық көрді. Айтматовпен жазылған алғашқы романы «Ғасырдан да ұзақ күн» («Боранды бекет» 1980). 1988 жылы танымал «Жан пида» романы жарияланды.

Жазушының бас назарында – «адам және қоғам» мәселесі. Айтматовтың қаһармандары – рухани бай, адамгершілігі бар қазіргі заманның белсенді адамдары. Айтматов жазушы – жаңашылы, психологиялық портреттің шебері ретінде алға шықты. Бірақ Айтматов таланты жазушылықпен шектелмеді: ол алдымен КСРО Люксембургтағы елшісі, содан соң Қырғызстанның Бельгиядағы елшісі болып, өзін дипломат және саясаткер ретінде көрсетті. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты да болды, «Иссыккульский форум» халықаралық зияткерлік қозғалысының бастамашысы болды.

Шыңғыс Айтматов 2008 жылдың 10 маусымында Нюрнберг (Алмания) ауруханасында ем қабылдау кезінде қайтыс болды. Аса көрнекті жазушының құрметіне Республикада 12 желтоқсанда атап өтілетін Қызғызстанның ұлттық әдебиет күні мерекесі бекітілген.