Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 10 Маусым

Оқиғалар күнтізбесі

10 Маусым

10 Маусым 1998

Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті

1998 жылы 10 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасының жаңа астанасын ресми таныстыруға арналған салтанатты мәжіліс өтті. 1994 жылы ҚР Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-ында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-ында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. Маусымның 10-ы 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-ы елорда күні ретінде атап өтіледі.

10 Маусым 1906

1906 жылы 10 маусым күні эпидемолог дәрігер,м.ғ.к., Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері Тілеуғабылов Мұхамедрақым дүниеге келді.

1938-1941 жылдары - Павлодар облысы ауылдық ауруханалардың дәрігері, Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі. 1941-1944 жылдары - Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау халық комиссарының орынбасары. 1944-1946 жылдары - Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау халық комиссарының бірінші орынбасары. 1946-1947 жылдары - Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрінің орынбасары. 1947-1949 жылдары - Алматы обаға қарсы стансасының дәрігері, Алматы медициналық университетінің Эпидемиология кафедрасының ассистенті. 1949-1978 жылдары - Орталық Азиялық обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, директоры. 1978 жылдан зейнеткерлікте болған.

Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапаталған.