Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 5 Сәуір

Оқиғалар күнтізбесі

5 Сәуір
1919 1919 жылы Қазақстан партизандары Қостанай қаласын батыл шабуылмен жаулап алды
1919 жылы 5 сәуірде Қазақстан партизандары Қостанай қаласын батыл шабуылмен жаулап алды
1993 Көші-қон полициясы күні
1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында болған өзгерістерге байланысты уақыт талабына сәйкес төлқұжаттық-визалық қызмет қайта құрылды. Соның негізінде көші-қон полициясы құрылды
1997 31 мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу деп бекіту туралы Президент жарлығы шықты
1993

5 Сәуір 1919

1919 жылы Қазақстан партизандары Қостанай қаласын батыл шабуылмен жаулап алды

Қазақстан 1918-1920 жж. шетелдік басқыншылық және азаматтық соғыс жылдарында. Ақгвардия Сібір үкіметін ресми түрде таныған Алаш Орда үкіметі атаман Дутовпен бірге совет өкіметіне қарсы шықты. Тамыз айында Иран және Каспий сырты облысына ағылшын әскерлері келді. Интервенттер мен ақ гвардияшылардан Орта Азия және Қазақстанды жаулап алу қаупі пайда болды. Жангельдин экспедициясы Еділ бойымен Астраханға түсіп, Каспий теңізінен өтіп, Бузачи жартылай аралында тоқтап, Шалқар станциясына келіп, Ақтөбе майданының басшылығына қару мен оқ-дәрілерін тапсырды. Азаматтық соғыста 8 млн. адам қаза тапты. 

Аннеков басқарған ақ офицерлер тобы Ушановты дымқыл киіз төсенішке орап, отын қоймасына әкеліп, кеменің жалынды оттығына тастады. Анненков әсіресе Солтүстік Жетісуда зәрін шашты. Ақмола астыртының ұйымдастырушылары – Майкөтов пен Жангелдин. Қаһарман Черкаск қорғанысы Жетісу түкпірінде Колчактардың шабуылдарын тоқтатты. 1919 ж. 5 сәуірде партизандар Қостанайды батыл шабуылмен жаулап алды. Қазақстанда Колчак әскерлерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік тобына жүктелді.  

Түркістан майданының бірінші және төртінші әскері Орал және Орынбор облысын ақгвардияшылардан босатты. Лебищенскідегі шайқаста Чапаев және халықаралық бригадасы басшыларының бірі Садық Уәлиев қаза тапты. 1920 ж. 5 қаңтарда Түркістан майданы әскерлерінің жарты бөлігі Гурьевті алды. Орал майданы 1920 ж. жойылды. 1920 ж. наурыз айының соңында Семей облысының солтүстік бөлігі ақгвардияшылардан босатылды, осыған байланысты Жетісу майданы да жойылды. 

 

5 Сәуір 1993

Көші-қон полициясы күні

1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында болған өзгерістерге байланысты уақыт талабына сәйкес төлқұжаттық-визалық қызмет қайта құрылды. Соның негізінде көші-қон полициясы құрылды. Қызмет құрылымы, міндеттері өзгерді. Қазақстанға келетін шетел азаматтары санының өсуіне байланысты олардың болу тәртібін реттеу қажеттілігі туындады. Президент Жарлығы бойынша тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударушыларға айрықша көңіл бөлінді. Заңсыз көші-қонмен, Қазақстанға шетел азаматтарының келу фактілерінің бұзылуымен күресу үшін 2002 жылдың сәуір айында «Рубеж» бірыңғай бөгеу жүйесі взводы құрылды.

5 Сәуір 1997

31 мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу деп бекіту туралы Президент жарлығы шықты

21 жыл бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  мамырдың 31-ін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.


 

5 Сәуір 1993