Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 25 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

25 Қазан
1990 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдады.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдады.
Қазақстан Республикасы күні
25 қазан Қазақстан Республикасында Республика күні болып саналады.

25 Қазан 1990

1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдады.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ  КСРЖоғарғы  Кеңесінің  қаулысы бойынша Республика Мемлекеттік егемендік  туралы декларация  қабылданды.

Декларацияда  Республиканың Егеменді республикалар одағына теңдік құқықты негізде (1-бап) кіру ниетімен қоса, ең алғаш рет Қазақ КСР егемендік құқығының жағдайы үшін үш принципті мемлекеттік -құқықты нормалары анықталды.

Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді.

Декларацияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. 


25 Қазан

Қазақстан Республикасы күні

Республика күні 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.

Декларация демократиялық, әлеуметті бейімделген және құқылы мемлекет екенін салтанантты түрде жариялады. Қазақстан сол кезде бірінші рет өзінің әлемдік көзқарасы , жеке салт -дәстүрі бар, сондай- ақ болашақтағы даму жолы бар  ерекше, қайталанбас субъект екенін жариялады.

Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік өкіметтің дербестігі мен толықтығы,  мемлекеттік бюджеті, халықаралыққатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран, сондай-ақ ұлттық валютасы бекітілді.

Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді.

1990  жылғы Егемендік туралы декларация Қазақстанның конституциялық құқықтық мәртебесін халықаралық -құқықтың толыққанды субъектісі ретінде бекітті.

Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады.

Осы акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды.

Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.