Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 1 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

1 Желтоқсан

1 Желтоқсан 1991

Қазақ КСР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті, сайлау нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев президент болып тағайындалды

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (1940 жылы 6 шілдеде Қазақ ССР Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келді) Қазақстан Республикасының президенті.

Негізгі даталар:

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Қазақ ССР Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында шаруа отбасында дүниеге келді.

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960-1969 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді (1966 жылдан бастап – комбинат): диспетчер, газдаушы, домна пешінің аға газдаушысы.

1969-1973 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-1977 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977-1979 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

1979-1984 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989-1991 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуіріненҚазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 жылы 29-шы сәуірде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылы 10-қаңтарда жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2005 жылы 1-ші желтоқсанда сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.


1 Желтоқсан 2011

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

2012 жылғы қыстың алғашқы күні Қазақстан тұрғындары үшін тағы бір мерекелік және демалыс күні болды. Осы күннен бастап елімізде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні атап өтіледі. 2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы  парламенті сенатының пленарлық мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдындағы ерен еңбегін атап өту және таныту мақсатында бекітілді. Мереке күнін таңдап алуға алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенттігіне қайта сайланған 1991 жылғы 1 желтоқсандағы оқиға тарихи негіз болды. Ол жалғыз үміткер болды және  88,2 % дауыс берген сайлаушылардың 98,7 % дауысын жинап жеңіп шықты. Тұңғыш Президенттің алғашқы қадамдарының бірі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ні Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы заңды қабылдау болды. Ал тағы алты күн өткен соң – 1991 жылғы 16 желтоқсанда – Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады, бұл Қазақстан егеменді мемлекет болғандығын білдірді. 1991 жылғы желтоқсанның алғашқы күндері Қазақстан үшін шын мәнісінде өзгерістерге толы, тәуелсіз Республиканың даму жолын анықтаған тағдыр шешуші күндер болды. Қазіргі уақытта халықаралық қауымдастық Қазақстанды заманауи демократиялық мемлекет ретінде таниды. Бұл жолда 1990 жылы 24 сәуірде лауазымды бекіткен сәттен бастап Республиканы басқарып келе жатқан тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың еңбегі зор.   


1 Желтоқсан 2010

Астанада ҚР Президенті Н.Назарбаев төрағалығымен ЕЫҚҰ Саммиті өтті

ҚР Президенті Н.Назарбаев төрағалығымен ЕЫҚҰ Саммитін өткізу Қазақстанның халықаралық беделін арттыру жолындағы айрықша серпіліс болды.

ЕЫҚҰ Саммиті жауапкершілігі шеңберіндегі жаңа қатер мен күдіктерге мардымды жауап берді, Ұйымды бүгінгі күнге бейімдеді.

Қазақстан төрағалығы – елімізді Еуропамен болашақтағы жақындасуы және өмір демократиялық стандартын бекіту жолындағы қуатты ынталандыру болды деген үміт бар. Қазақстанның ЕЫҚҰ төрағалығы құрамына 50-ден астам мүше елі бар еуропалық әрі азиялық ұйымдар күн тәртібін сабақтас етуге мүмкіндік туғызды. Қазақстан елінің географиялық, саяси әрі өркениеттік орналасуы тура әрі ауыспалы мағынада Батыс пен Шығыстың дәнекері етеді.