Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 23 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

23 Желтоқсан

23 Желтоқсан 1995

Қазақстан Республикасының «Жекешелендіру туралы» Заңы шықты

1. Жекешелендiру субъектiлерi сатушы және сатып алушы болып табылады.

жекешелендiрудi жүргiзуге уәкiлдiк берiлген мемлекеттік орган.

3. Сатып алушы - жекешелендiру барысында мүлiктi сатып алатын жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға немесе шетелдiк заңды тұлға.

Сатып алушы жағынан бiрнеше тұлға қатысқан жағдайда олар бiрлесiп iс-қимыл жасайды.

4. Жүзеге асырылуы жекешелендіру объектісін сату шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға Қазақстан Республикасының заң актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес құқығы жоқ заңды тұлғалар жекешелендіру кезінде сатып алушы бола алмайды.

5. Акциялардың мемлекеттік пакетi сатылған кезде акционерлік қоғам сатып алушының акцияларын иеленетiн болса, сатып алушы акционерлік қоғам акцияларының 25 процентiнен астамын сатып ала алмайды.

6.Сатып алушы жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдал тартуға құқылы.

23 Желтоқсан 1994

20 жыл бұрын Бішкекте Қазақстан Республикасының елшілігі ресми ашылды

23 Желтоқсан 1937

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мыңжасар Маңғытаев дүниеге келді

77 жыл бұрын (1937-2011) композитор, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мыңжасар Маңғытаев дүниеге келді. 

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор К. Х. Қожамьяровтың класы бойынша бітірген. Маңғытаевтың шығармашылығының жанры әрқилы, ашық әуезділігімен айрықшаланады, оның ұлттық — бояулы мәнеріне вокалдық және халықтық — аспаптық ерекшеліктерді біріктіру тән. 

Маңғытаевтың мәнері әсіресе, «Қозы мен Баян» балетінде, «Арман», «Құлагер» симфониялық поэмаларында «Шексіз махаббат» ораториясында, «Ақсақ құлан», «Жайлауда», «Қаратау әуендері» сияқты хорға арналған поэмаларында, әндерінде анық із салған. Ұлы Абайдың өлеңіне жазылған «Не іздейсің көңілім», «Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...» өлеңдеріне ән-романстар жазды. 

Сазгер жалпы саны үш жүзге таяу ән шығарды. Оның вокалдық-хор, аспаптық, симфониялық оратория-кантаталары, оркестрлік поэма-сюиталары, кинофильмдер мен спектакльдерге жазған шығармалары заман тынысын, өмір шындығын, дүние сұлулығын жырлайды. 

Ақан серінің «Қараторғай» әніне жазған вариациялары мен «Арман» атты симф. поэмасында, І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының желісіне жазған симфониясы мен «До-мажор» симфониясында, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақтолғай» симфониялық сюиталарында халық әуендерін шебер пайдаланған. 

«Қаратау әуендері», «Дала дауысы», «Жайлауда» хор поэмалары мен хор сюиталары, «Ауыл тойы», «Елім менің» вокалдық-хореографиялық композициясын тыңдаушы қауым жылы қабылдады. 

«Ақан сері — Ақтоқты», «Сталинге хат», «Неке қияр», «Біздің үйдің жұлдыздары» спектакльдеріне, «Бәйшешек», «Көкжиек» кинофильмдері мен Қ.Сәтбаев туралы деректі фильмге, «Қожанасыр сәулетші», «Әулие есек», «Үш түлек», т. б. мультфильмдерге музыка жазды. 

«Құрмет» орденімен марапатталған.