Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 9 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

9 Желтоқсан

9 Желтоқсан 1995

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің сайлауы өтті

ҚР Парламентінің Сенаты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және қоғамның өзге де елеулі мүдделеріне өкілдікті қамтамасыз ету қажеттілігін ескере, он бес депутатын ҚР Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл.

Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.

Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпылай, теңдік және тікелей және құпия сайлау құқығы негізінде жүргізіледі. Мәжілістің депутаттық корпусы пропорционалды және можаритарлы жүйемен сайланған депутаттармен жасақталады. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.


9 Желтоқсан 1991

25 жыл бұрын Қазақстанның А. Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болып өзгертілді

25 жыл бұрын Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қаулысымен Қазақстанның А. Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болып өзгертілді.

9 Желтоқсан 1996

20 жыл бұрын Қайрат Рысқұлбековқа жоғары ерекшелік белгі – «Халық Қаһарманы» атағы берілді

20 жыл бұрын Елбасы Жарлығымен Желтоқсан көтерілісіне қатысып, құрбан болған боздақ Қайрат Рысқұлбековқа жоғары ерекшелік белгі — «Халық Қаһарманы» атағы берілді.