Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 8 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

8 Желтоқсан
1991 Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы қалыптасты
1991 жылы 8 желтоқсанда Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды.
1930 86 жыл бұрын «Сарбаздар көтерілісі» өтті
1992 24 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Инженерлік Академиясы құрылды

8 Желтоқсан 1991

Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы қалыптасты

1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 

1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. 

Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 

1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. 

Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. 

Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. 

Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

8 Желтоқсан 1930

86 жыл бұрын «Сарбаздар көтерілісі» өтті

84 жыл бұрын Көжебай (Ақтөбе облысы) өңірінде Қызыл Армияның жазалаушы жасақтары қазақ халқының әскерлерін (тарихи құжаттарда көтеріліс «Сарбаздар көтерілісі» деп аталады) жеңіліске ұшыратты. Көтерілістің 12 басшысы өлім жазасына кесілді, 13 адам жер аударылды, 163-тен астам адам түрлі айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

8 Желтоқсан 1992

24 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Инженерлік Академиясы құрылды

Қазіргі күні Ұлттық инженерлік академия Қазақстандағы ең ірі және ықпалды қоғамдық ғылыми ұйым болып табылады. Оның құрамында 20-дан астам ғылыми-өндіріс орталықтары жұмыс істейді, ол бүкіл қазақстандағы технопарктердің құрылуы мен дамуына белсенді қатысады, оның бөлімдері мен филиалдары аймақтағы өндіруші кәсіпорындармен тығыз байланыста.

Академияның ғылыми орталықтарының арасынан мынандай ұйымдарды белгілеуге болады, олар Ғылыми-инженерлік ақпараттық-есептеуіш орталығы, «Мұнай» ғылыми-зерттеу орталығы, Қазіргі заман технологияларының институты, Экологиялық сараптама институты және басқалар. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен АҚШ Ғылым академиясының бірігіп өткізген халықаралық сертификаттауынан табысты өтті.