Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 8 Қыркүйек

Оқиғалар күнтізбесі

8 Қыркүйек
2001 Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің туындамасы бойынша «Қазақстан картасы «Атамекен» ҚККП этно-мемориалды кешені ашылды.
Мұнда ауданы 1,7 га жерде елімізді қол алақанындай көруге және оның сәулетті-ландшафті тарихымен танысуға болады.

8 Қыркүйек 2001

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің туындамасы бойынша «Қазақстан картасы «Атамекен» ҚККП этно-мемориалды кешені ашылды.

2001 жылы 8 қыркүйекте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің туындамасы бойынша «Қазақстан картасы «Атамекен» ҚККП этно-мемориалды кешені ашылды. Мұнда ауданы 1,7 га жерде елімізді қол алақанындай көруге және оның сәулетті-ландшафті тарихымен танысуға болады. Картада 14 облыс және республикалық мәнді 2 қала: Астана мен Алматы. Мұнда барлық ерекшеліктер табиғи-ауа райы зоналар мен ландшафтар, сәулет өнері, қала салу топтамалары көрсетілген. Ең негізгісі – бұл тарихи және мәдениет ескерткіштері. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және ҚЭЖ Бұқтырмасы, Президент Резиденциясы мен Қарағай құламасы. «Карта» бойынша жұмыс әлі де бітер емес: Қазақстан тіршілік етуін, дамуын тоқтатпағанша, онда жаңаға орын табылады.

Мұнда ерекше тарихи белсенділік орныққан – саяжайдың тіршілік уақыты кезеңінде бір-бір объект жоғалмаған, қайта толықтыру тоқтаусыз жүріп жатыр. 

Жобаны жасаған – «Қаздизайн» ұжымы. Авторлар: Т. Сүлейменов, А. Ордабаев, С. Баиров, А. Қайнарбаев, Н. Анарқұлов және А. Кенжетаев.