Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 7 Қыркүйек

Оқиғалар күнтізбесі

7 Қыркүйек
2001 2001 жылы қыркүйекте Ақтау қаласында Қазақстан жастарының бірінші конгресі өтті
7 қыркүйекте Ақтау қаласында Қазақстан жастарының бірінші конгресі өтті
1991 Кезектен тыс съезде Қазақстан Компартиясы өзін өзі тарататындығы туралы жариялады
Компартияның мұрагері болып Социалистік партия жаңадан құрылды

7 Қыркүйек 2001

2001 жылы қыркүйекте Ақтау қаласында Қазақстан жастарының бірінші конгресі өтті

7 қыркүйекте Ақтау қаласында Қазақстан жастарының бірінші конгресі өтті. Бүгінде 250 жастар ұйымдарын біріктірген бұл ұйымның негізгі мақсаттары мен міндеттері осы кезеңде айқындалды. Жалпы жарияланған негізгі мақсаты - Қазақстанның жастарын мемлекетшілдік, отансүйгіштік бағытта тәрбиелеу болып саналады.

7 Қыркүйек 1991

Кезектен тыс съезде Қазақстан Компартиясы өзін өзі тарататындығы туралы жариялады

Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті өмір сүруін тоқтатты. 7 қыркүйектегі кезектен тыс съезде саяси ұйым өзін өзі тарататындығы туралы жариялады. Компартияның мұрагері болып Социалистік партия жаңадан құрылды. Саяси сахнадан коммунистер кеткен соң қалыптасқан саяси вакуумды 80 жылдардың соңынан іс-қимылдарымен таныла бастаған өзге қоғамдық ұйымдар толлтыруға тырысты. Мәселен, қыркүйекте «Азат» қозғалысының негізінде Республикалық партия құрылды. Қазанда “Невада-Семей”, “Арал-Азия-Қазақстан” қозғалыстары, Әйелдер одағы, “Бiрлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Қазақ тілі” қоғамы мен ұлттық-мәдени орталықтар Қазақстанның халық конгресі (ҚХК) партиясына бірікті. Формалды түрде Қазақстанда көппартиялылық жүзеге асқан республикаға айналды