Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 23 Қараша

Оқиғалар күнтізбесі

23 Қараша
1995 Астана Мемлекеттік мұрағатының негізі қаланды
Астана мемлекеттік мұрағатының қызметі мұрағат және құжаттар басқармасынан, сонымен қатар «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының мұрағаттарынан тұрады.
Қазақстан жол полициясының құрылған күні
Жол полициясы күні Егеменді Қазақстанда Мемлекеттік авто инспекция туралы алғашқы ереже 1992 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітілді.
1954 Мұстафа Өзтүрік дүниеге келді
М.Өзтүрік (1954-1995) белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6-шы дан иегері, Қазақстан Республикасы таэквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.

23 Қараша 1995

Астана Мемлекеттік мұрағатының негізі қаланды

Егер 2001 жылы елордалық мемлекеттік мұрағатта 23649 құжат сақталса, қазіргі уақытта 234803 бірлік есептеліп отыр. Сонымен қатар қорлардың да саны - қырықтан бес жүз жиырма үшке дейін жетті. Ереже бойынша аудандық маңызы бар мекемелер бес жыл сайын құжаттарды тапсыру керек, ал қалалық маңызы бар мекемелер - он жыл сайын. Астананың Мемлекеттік мұрағаты Ресейдің, Башқұртстанның мұрағаттарымен өзара әрекеттеседі. Мұрағатта - қазақтың тарихи қайраткері Мұстафа Шоқайдың хаттары сақтаулы.

Мемлекеттік мұрағатта 1915 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ тілі» кітабы сақталып тұр. Мұрағат қызметкерлері жарты жылда бір рет мұрағат жаршысын шығарады. Астананың он жылдығына бірнеше көркем жинақтар шығарылды. Мұрағат қызметкерлері қызықты әдебиет шығарады, және жетекші тарихшы-ғалымдармен қызметтеседі. Елордалық мемлекеттік мұрағатта №430-шы қор құрылған, онда Омбы, Новосібір, Екатеринбор, Уфа және Қазан қалаларынан табылған үш жүздей құжат сақталады.

23 Қараша

Қазақстан жол полициясының құрылған күні

 

Егеменді Қазақстанда Мемлекеттік авто инспекция туралы алғашқы ереже 1992 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітілді. Дәл осы күн Қазақстан Республикасындағы МАИ-дың туған күні деп есептеледі. 1996 жылы 3 қаңтарда Мемлекеттік авто инспекция Жол полициясына қайта аталды.

Қазіргі жол полициясының міндеттері қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыстылыққа қарсы күрес, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге, азаматтарды жолдарда қылмыстық қол сұғудан қорғау болып табылады.

2013 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жол полициясы Әкімшілік полициямен біріктірілді. «Әмбебап полиция» деп аталатын бірыңғай қызмет құрылды.

 

23 Қараша 1954

Мұстафа Өзтүрік дүниеге келді

Ыстамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таэквондоны үйренді. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Ыстамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты.

2000 жылы Алматы қаласында Өзтүрік Мұстафа атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы Өзтүрік Мұстафаның 50 жасқа толған мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.