Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 21 Қараша

Оқиғалар күнтізбесі

21 Қараша
1988 26 жыл бұрын Мәскеуде Арал теңізінің күндері ашылды.
Теңіз аймағындағы экологиялық жағдай қоғамның алаңдаушылығын туғызды.
2009 5 жыл бұрын Минскідегі орта мектепке Мұхтар Әуезовтың есімі берілді.
М.Әуезов атындағы №143 орта мектеп Минскінің Заводской ауданындағы қазақ жазушысының атындағы көшеде орналасқан.

21 Қараша 1988

26 жыл бұрын Мәскеуде Арал теңізінің күндері ашылды.

21 Қараша 2009

5 жыл бұрын Минскідегі орта мектепке Мұхтар Әуезовтың есімі берілді.

2005 жылы мектеп аумағына Беларус елінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылған болатын.

2009 жылдың маусым айында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың Беларус Республикасына жасаған ресми сапарының барысында осы мектепте М.Әуезовке арналған барельефтің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) - қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.

Жазушы өзінің шығармашылық жолында талай жанрға, тақырыпқа із салып, қыруар, очерк, әңгіме, пьесалар жазған, тамаша аудармалар жасаған, әдеби сынға, әдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып, көптеген мағыналы мақалалар жариялаған, баяндамалар жасаған, оқулықтар құраған, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, теориялық білімін жетілдіріп отырған.