Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 18 Қараша

Оқиғалар күнтізбесі

18 Қараша
1931 Көрнекті ғалым, мемлекет қайраткері Сауық Темірбайұлы Такежановтың туылған күні (1931-2003)
Қазақстанның мемлекет қайраткері, түсті металлургия саласының ғалымы, ТПУ-нің құрметті түлегі.

18 Қараша 1931

Көрнекті ғалым, мемлекет қайраткері Сауық Темірбайұлы Такежановтың туылған күні (1931-2003)

1956 жылдан бастап Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында жұмыс жасады. Ол жерде еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастап бас инженерге дейін жетті. Оның басшылық етуімен Ертіс мыс қорытатын заводта жаңа КИВЦЭТ  технологиясы пысықталды және енгізілді, соңынан КСРО Мемлекеттік сыйлығына лайық болды.

1973 жылдан бастап – Қазақ ССР түсті металлургия министрі болды.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің/Қазақстан Республикасы XII сайланымының  депутаты. Экономикалық реформалар, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы.

Ғылым және Техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ленин және Еңбек Қызыл Ту (төрт рет), Құрмет ордендерімен марапатталды.