Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 16 Қараша

Оқиғалар күнтізбесі

16 Қараша
1941 Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы батыр-панфиловшылардың ерлігі
Батыр-панфиловшылардың ерлігі тарихта қалды және соғыс жылдарында ерекше жұмылдыру рөлін атқарды.

16 Қараша 1941

Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы батыр-панфиловшылардың ерлігі

. 1941 жылы 16 қарашада Дубосеков разъезіндегі шайқаста фашист басқыншыларынан Мәскеуді қорғау кезінде генерал Панфиловтың дивизиясындағы 25 жауынгер немістің шамамен жиырмадай танкісін жойып және немістердің шабуылын тоқтатып, мәңгі өшпес ерлік жасады. Мәскеу түбіндегі шайқас шешуші шайқастардың бірі және Ұлы Отан соғысындағы маңызды оқиға болды. Гитлер КСРО-ны басып алу үшін ерекше ставка қойды, алайда оны бірден басып алуға әрекет жасағанда сәтсіздікке ұшырады. 1941 жылы күзде неміс командованиесі өздерінің басты күшін қаланың жақын маңайын басып алуға жұмылдырып, жаңадан шайқасуға белсенді даярлықты бастады. Қызу соғыс енді Мәскеуге 100-120 шақырым жерде жүрді, немістердің ірі танктер тобы Волокломск тас жолы арқылы астанаға басып кіруге тырысты. Алайда қарсыластарының саны және техникасы жағынан артықшылығы, қыспағы Мәскеу қорғаушыларының жауынгерлік күшін бұза алмады. Қаланы қорғаған Кеңес әскерлері: қандай жағдай болмасын жау қолға түсірілсін деген бұйрық алды. Бұл тапсырманы орындауда Кеңес Армиясының басқа құрамына, жауды Волоколам бағытына жібермеуге тиіс болған, генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-шы атқыштар ротасы кірді. Осы бағыттағы қорғаныс шептерінің бірі Дубосеков разъезіндегі теміржолдың бойында болды. Дәл осы жерде фашистер қорғанысты бұзып, Волоколам тас жолына шығып, Мәскеуге қарай жылжимыз деп есептеді. Міне, 1941 жылы 16 қарашада неміс әскерлері тез арада Мәскеуді жаулап аламыз және 1941 жылғы соғысты жеңіспен аяқтаймыз деп жоспарлап, шабуылға шықты. Дубовский түбінде болған соғыста 316-шы атқыштар дивизиясының (саяси басшы Василий Клочков басқарған 28 адамнан құрылды) танкіні жойғыштары тарихта барлық кітаптарға енді.Төрт сағат бойына панфиловшылар артиллерияның және бомбаның бораған отымен әуеден жаудың танкілерін және жаяу әскерлерін тоқтатты. Олар қарсыластарының бірнеше шабуылын қайтарды және 50 танкінің 18-ін жойды. Алайда жасақтағы жауынгерлердің басым көпшілігі қаза болды, қалғандары қатты жараланды (көп уақыттан бері барлық 28 адам өлді деп есептелді). Әрине, Мәскеуді қорғау кезінде Қызыл Армия бөлімшелерінің арасында ерліктің және қаһармандықтың өзге де мысалдары болды, Мәскеу түбіндегі шайқаста мыңдаған кеңес жауынгерлері өмірін қиды (генерал-майор И.В. Панфиловтың өзі де), ал батыр-панфиловшылардың ерлігі тарихта қалды және соғыста ерекше жұмылдыру рөлін атқарды, батырлардың ерлігі мен күші туралы аңыздар қалды. 316-шы дивизиядағы 28 батыр-панфиловшылардың естелік Мемориалы 28-ші гвардиялық атқыштар дивизиясына қайта аталды және Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы Дубовск разъезінде соғысқа қатысушылардың барлығына  шексіз ерлігі, қаһармандығы, әскери қажырлығы және ержүректігі үшін кеңес үкіметі Кеңес Одағының Батыры атағын берді. Кейіннен анықталғандай, 28 панфиловшылардың барлығы өлмеген екен. Олардың ішінде алты жауынгер тірі қалған, алайда жарақаттанған немесе зақымданған – кейіннен екеуі, госпитальге жатқызылған, қалған екеуі тұтқынға түскен және фашистер концлагерінің барлық сұмдықтарын бастан кешірген,  тағы екеуін әртүрлі себептермен Батырлар тізімінен алып тастаған. 1967 жылы Дубовск разъезіне 1,5 шақырым жерде орналасқан Нелидово деревнясына батыр-панфиловшылардың музейі ашылды. 1975 жылы соғыс болған жерге «28 қаһарманға» арналған, граниттен мемориалды ансамбль тұрғызылды, ол 28 панфиловшылардың қатарында соғысқан, алты ұлттың жауынгерлерін бейнелеген алты қуатты адам тұлғасынан болды. Олардың беттері фашистердің танкісі келген жаққа қаратылған, ал арқасында жауынгерлер – Мәскеу...