Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 15 Қараша

Оқиғалар күнтізбесі

15 Қараша

15 Қараша 1993

ҚР ұлттық валютасы – теңге енгізілді

 

Қазақстандық теңге — Қазақстанның ұлттық валютасы

Қазақстандық теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы. Купюрада және монетада қарапайым теңге деп жазылу қабылданды (орыс - тенге). Қазақстан Республикасы ТМД елдерінде ұлттық валюта айналымына түскен соңғы елдердің бірі. 1991 жылы «арнайы топ» «дизайнерлері құрылды, олар:  Меңдібай Алин, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов, Тимур Сүлейменов, Хайрулла Габжалилов.

5,10,20,50 теңгелік монеталар және ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкнот 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты.

1993 жылы 15 қарашада теңгеге айналым енгізіліп 1 теңге 500 рубль КСРО арақатынасына тең болды. 

1995 жылы Қазақстанда банкнот фабрикасы ашылды.

Теңгенің алғашқы партиясы Англияда басып шығарылды. Алғашқы ұсатылған ақша – тиын (теңгенің 1/100 бөлігі) 1,2,5,10,20,50 тиын номиналдардағы банкнот түрінде шығарылды.

Германиядан келіп түскен алғашқы монеталар:

1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар;

1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар;

1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар;

1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);

1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;

2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген).

2001 жылы

2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген);

2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген);

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар;

2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).

2002 жылы:

2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;

1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды.

2003 жылы:

2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар;

2006 жылғы номиналы 200 және 10 000 теңгелік банкноттардың жаңа айналымы шығарылады;

2010 жылдан 5 қаңтардан бастап Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуіне арналған 2010 жылғы үлгідегі номиналы бір мың теңгелік естелік банкноттардың жаңа айналымы шығарылады;

17 қаңтарда Қазақстанның ұлттық банкі «Азиада 2011» - Жетінші қысқы Азиада ойындарына арналған номиналы 2000 теңгелік естелік банкноттың жаңа айналымын шығарды;

2011 жылғы 25 мамырдан бастап Ислам Конференциясын Ұйымдастыруға Қазақстанның төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңгелік естелік банкноттың жаңа айналымын шығарды;

2011 жылғы 4 шілдеде Қазақстанның Ұлттық банкі республиканың тәуелсіздігіне 20-жыл толу қарсаңында номиналдық құны 10000 теңгелік естелік банкноттың жаңа айналымын шығарды.

 

15 Қараша 1993

«Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Мемлекеттік банкінің және Ресей банкісінің 1961-1992 ж.ж. қазыналық және банкілік билеттерін және оларды ұлттық валютаға ауыстыру туралы» Жарлық

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алғаннан кейін жас республиканың әралуан өмір саласында бірқатар реформалар жүргізілді. 1993 жылғы ақша реформасы ұлттық экономикада маңызды жаратылыстардың бірі болды.

Адамдар айырбастай алатын ақшаның ең жоғарғы көлемі 1000 рубльден аспады. Зейнеткерлерге 200 рубльге дейін ауыстыруға рұқсат етілді. Ақшалары бекітілген лимиттен асып түсетін адамдар кіріс көздері туралы декларациямен бірге Арнайы комиссияға жүгіну қажет болатын.

Бір уақытта, 1991 жылы 23 қаңтарда салымдарды беруге шектеулер енгізілді. Салымдар жинақ банкі арқылы айына 500 рубльге дейін тек қана тұрғылықты жері бойынша берілді, ол туралы төлқұжатқа белгі қойылды.

«Павлов» реформасының нәтижесінде айналымнан 8 млрд. рубль алынды, оларға заңды иелік ету дәлелденді.

Алайда, бұл шара рубльді сатып алу қабілетін арттыруға ықпал етпеді. Өткізу бағалары олардың тоқтаусыз өсуінде көрінді.

Қайта құру кезеңінде бір уақытта айналымда ақша массаларының өсуімен өндірістердің жаппай құлдырауы байқалды. Тауарлар мен азық-түліктер негізінен шетелден сатып алынды. Оған қажетті 1,63 млрд. сомасындағы валютаны 1989 жылы – 300 т, 1990 жылы – 234 т алтын сату есебінен алды.

1990 жылы қолма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд. рубльді құрады, ол 1981-1985 жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары. Аса ірі ақша массасы бос тұтынушы нарығына да сәйкес келмеді.

1991 жылы қаңтарда «1961 жылғы үлгідегі құны 50 және 100 рубль болатын КСРО Мемлекеттік банкінің ақша белгілерін төлемге қабылдауды тоқтату және азаматтардың салымынан қолма-қол ақшаны беруге шектеу қою туралы» президенттің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналымға 1991 жылы шығарылған купюралардың ұқсас құндылығы енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаларды жаңасына ауыстыру үшін үш күн уақыт берілді.

КСРО ыдырағаннан кейін кеңестік валюта – рубль – ТМД-ға кірмеген елдерді қоса алғанда, барлық посткеңестік  мемлекеттердің тәуелсіз дамуының бірінші кезеңінде мұраға қалдырылды. Бірқатар себептерге, ең алдымен саяси сипаттағы себептерге байланысты жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылуы, сонымен қатар әлеуметтік директивті экономикадан нарықтық тез унификациялау заңнамасына көшу жағдайларының мүмкін болмауы, бірыңғай валюта зонасын сақтап қалуы сәтсіздікке ұшырады.

Ақша дезинтеграция процессі КСРО құлағаннан кейін өте күрделі өтті және барлық посткеңестік мемлекеттерде жеке ұлттық валютаны шығарумен қолданыстан алып тасталды.

КСРО республикаларының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 ұлттық банк бір-біріне тәуелсіз ұлттық банктердің рөліне кірісті. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның өзге елдерімен бірге «рубль зонасында» қалуды жалғастырды. 1992 жылы құны  200, 500, 1000 рубльдік купюралар айналымға шығарылды. Олардың элементі сол кезде жұмыс істеген КСРО Мемлекеттік банкінде көрсетілді. 1992 жылы маусымда айналымға алғашқы ресей купюралары 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 рубльдер шықты.

23 шілдеде Ресей Ұлттық банкі 1961-1992 жылғы үлгідегі кеңес ақша белгілерін, сондай-ақ ресейлік купюраларды алып тастайтындығы туралы хабарлады.

Ресейдегі ақша реформасы ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда ескі үлгідегі ақшаларды жаппай тастауға әкеп соқтырды.

1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының басшылығы тек қана ресейлік рубльге бағыну аңғарттық болатын түсіне отырып, жеке вальта шығаруға қадам басты.

Жаңа ақша басып шығару бойынша «Харрисон» ағылшын компаниясымен келісім-шарт жасалды. 1993 жылы құны 1, 3, 5, 10, 20 50 және 100 теңгелік купюралар Қазақстанға жеткізілді. Олар қолдан жасалмас үшін 18 деңгейде қорғалды.

1993 жылы 12 қарашада Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.  Осы жарлықпен 15 қарашада сағат 8.00-де ұлттық валюта – теңге енгізілді.