Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 9 Қараша

Оқиғалар күнтізбесі

9 Қараша
1920 Қостанай уезді 1920 жылы уақытша Орынбор-торғай губерниясына берілді
1920 жылы 9 қарашада Қостанай уезді 1920 жылы уақытша Орынбор-торғай губерниясына берілді

9 Қараша 1920

Қостанай уезді 1920 жылы уақытша Орынбор-торғай губерниясына берілді

Қостанай уезді – Торғай облысының, Челябинск губерниясының, Орынбор-Торғай губерниясының, Қостанай губерниясының және Қазақ АССР-ның  құрамындағы әкімшілік бірлік. Орталығы – Қостанай қаласы. 1895 жылға дейін Николаев уезді деп аталды.

Торғай облысының құрамындағы Николаев уезді 1868 жылы құрылды. 1895 жылы уезд Қостанай деп қайта аталды. 1919 жылы уезд Челябинск губерниясына, 1920 жылы – Орынбор-Торғайға берілді, ал 1921 жылы қысқартылды. 1922 жылы Қостанай губерниясының құрамында қалпына келтірілді. 1925 жылы Қостанай уездіне Қостанай губерниясының барлық қалған аумақтары біріктірілді, губерния қысқартылды, ал Қостанай уезді Қазақ АССР-дың тікелей бағыныстылығына берілді. Осы жылы Қостанай уезді Қостанай округіне қайта құрылды.