Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 5 Қараша

Оқиғалар күнтізбесі

5 Қараша

5 Қараша 1993

23 жыл бұрын «Болашақ» Халықаралық стипендиясын тағайындау туралы қаулы шықты

23 жыл бұрын (1993) Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Шет елдерде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясын белгілеу туралы» №1394 қаулысы шықты.

5 Қараша 2004

12 жыл бұрын Қызылордадағы көшенің біріне Сағымбай Рысбаевтың есімі берілді

Ол өткен ғасырдың 30 жылдары қала басшысының қызметін атқарған, маңайдағы ауылдарының біріндегі қоймада сақталған 5-6 тонна тарыны аштықтан қиналғандар арасында бөліп бергені үшін қуғын-сүргінге ұшыраған. Ол Сәкен Сейфуллинмен және Бейімбет Майлинмен тығыз достық қарым-қатынаста болған екен. 

С. Рысбаев – асқан мәдениетті адам болған, айналасындағыларға адамгершілікпен қарап, жанашырлығымен, тыңғылықты білімділігімен де ерекшеленген.